Мәдениет

Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Қызым, саған айтам» атты сырласу сағаты өтті.

Шараға Хализа қажы Құттыбаева, «Шолпы» клубының кеңес мүшесі,   денсаулық сақтау ісінің үздігі, балалар дәрігері Әлия Бисенғазы, клубтың кеңес мүшесі, «Руханият»  музейі патриоттық  клубының жетекшісі, көпбалалы ана Жібек Абдуллина қатысты.

Шара барысында қазіргі кездегі қыздар тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиеге толы әңгіме өрбіді. Аналарымыз қыздарымызға өздерінің өмірден көрген, білген-түйген ойларымен бөлісіп, ақылдарын айтып, жастарды тәрбиелі, көргенді болуға шақырды.

Сырласу сағаты аясында «Қызға қырық үйден тыю» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға тәрбиелік мәні бар сауалдар қойылды.

А.Бақтыгерееваның «Сіңілге сыр» атты өлеңіне жазылған бейнеролик көрсетілді.

Шара соңы кітапхана директоры Гүлжайнар Қалдинаның «Қыз деген қызыл алма» атты өлеңімен аяқталды.

Азатгүл Қайнақаева,

С.Жиенбаев атындағы

облыстық жасөспірімдер

 кітапханасының қызметкері.

                       Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button