Жаңалықтар

Кәсіп бастауға мол мүмкіндік беретін жоба

«Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығының ғимаратында «Fresh Biz» атты бизнес-ойыны өтті. Тренинг мақсаты — қатысушылардың жеке іс-қимыл стратегияларын түсіну және өзгерту арқылы бизнес-ойлауды дамыту. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл  ойынның пайдасы көп. Мысалы, алға ұмтылуға кедергі келтіретін өзіне сенімсіздікті жояды,  стратегияларын тиімдірек етіп өзгертуге, т.б. мүмкіндік береді.

Айта кету керек, 12 мамырда қалалық мәслихат «Бетбұрыс» әлеуметтік жобасын бастаған болатын. Жоба көпбалалы, қиын жағдайға тап болған, ерекше көмекке мұқтаж балаларды тәрбиелеп отырған аналардың кәсіпкерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған. Шараға 20 әйел қатысуда. Олар көмекшілік қызметтер мен тауарлар өндіру саласында (нан-тоқаш өнімдері, сүт және қышқыл сүт өнімдері, тігін, шаштараз, емдік массаж) бизнес-жоспарлар дайындады.

Жоба басталғаннан бері ұзақтығы 150 сағат тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен бірге оларға қазақстандық және халықаралық спикерлер zoom-конференциялар (15 сағат) өткізді. Жоба қатысушылары 15 шағын бизнес  кәсіпорнын, бизнесті қолдау инфрақұрылымының нысандарын аралап, жұмыстарымен танысты.

Жоба қорытындысы 6 шілде Астана күні шығарылады. Жеңімпаздарға 500 мың теңге көлемінде гранттар табыс етіледі.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button