Жаңалықтар

Жанжалдан жарақат алды

Кәмелетке толмаған балалар арасындағы жанжалдар жиі қайталанып отыр. Өкінішке қарай, бір-біріне суық қару қолданып, адам өміріне қауіп төндіретін оқиғаларға жол берілді.

Полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері қылмыстың алдын алу мақсатында 20-дан астам рейд өткізді. Алайда кәмелетке толмағандардың қатысуымен тескіш-кескіш  құралдарын қолдану арқылы жасалған қылмыстар бар.

Маусымның 25-і күні жергілікті уақытпен таңғы 04.21-де 102 телефонына 2004 жылы туған баланың пышақтан  жарақат алғаны туралы хабарлама түседі. Жәбірленуші облыстық балалар ауруханасына жатқызылып, медициналық көмек көрсетілді.

Тағы бір баланың мұрны сынып, дәрігерлердің  көмегіне жүгінген.

Кәмелет жасына толмаған тағы бір жеткіншектің Ақтөбе қаласындағы №56 мектептің жанындағы футбол алаңында болған төбелеске қатысқаны анықталды. Жанжал кезінде бейтаныс жігіт оған дене жарақатын салған.

Қазіргі уақытта жәбірленушілердің жағдайы тұрақты.

Полиция департаменті ата-аналарға балаларының қайда, кіммен жүргенін біліп, бақылауда ұстап отыру керектігін ескертеді. Ал қараусыз бала жоғарыдағыдай жанжалдарға тап болып, соңы өкінішке соқтыруы мүмкін.

Самат ЕСЕНҚҰЛ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button