Ресми

 «Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы
№50 қаулысымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасының 63-3-тармағына сәйкес  «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.

Конкурсты өткізу кезеңі: 2021 жылдың маусым-қазан айлары.

Конкурсқа қатысуға кент, ауыл, ауылдық округтерде әкім лауазымында бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.

Конкурсқа құжаттар 2021 жылдың 25 маусымынан бастап  10 шілдеге (қоса есептегенде) дейін қабылданады.

Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған.

Конкурс құжаттарын аудан әкімдігіне жолдауға болады.

Байланыс телефоны: 8 (7132) 54-12-52.

«Үздік ауыл әкімі» өңірлік байқауының жеңімпазы  республикалық байқауға жолдама алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button