Басты жаңалықтар

Екпе ал да, автокөлік ұтып ал!

Осындай атаумен 25 маусымда облыста екпе алу науқаны басталмақ.
Науқан екі кезең бойынша өткізіледі: 25 маусымнан 10 тамызға дейін және 11 тамыздан 25 қыркүйекке дейін.
Науқанға 25 маусым мен 25 қыркүйек аралығында облыс аумағында коронавирус инфекциясына қарсы кез келген екпенің бірінші компонентін алған тұрғындардың барлығы қатыса алады. Жеңімпаздар «AQTOBE» телеарнасының тікелей эфирінде жұртшылықтың көзінше анықталады.
Әр кезеңнің басты жүлдесі — 2021 жылы шыққан «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлік.
Сондай-ақ науқан барысында смартфон, планшет, спорттық велосипед, робот шаңсорғыш және смарт-сағат сияқты жүлделер де ойнатылатын болады. Науқан демеушілердің қаражатына өткізілуде.
Науқанның толық ережелерімен aktobe.gov.kz. сайтында танысуға болады.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button