Басты жаңалықтар

Президент облыс әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімі Оңдасын Оразалинді қабылдады.

Президентке облыс басшысы өңірдің жыл басынан бергі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есеп беріп, облысты дамытудың перспективасы жөнінде баяндады. Сондай-ақ Мемлекет басшысына өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңдасын Оразалинге әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының көтерілуіне жол бермеуге қатысты және басқа да бірқатар нақты тапсырма берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button