Басты жаңалықтарЭкономика

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының тапсырмалары түгел  орындалып жатыр

Бұл туралы сейсенбі күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Оңдасын Оразалин айтты. Аймақ басшысы Ақтөбе облысының биылғы бес айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ақтөбе — «жасыл аймақта»

Алдымен өңір басшысы әр аймақтан онлайн қосылып отырған журналистерді 28 маусым күні болатын Бұқаралық ақпарат құралдарықызметкерлері күнімен құттықтап, шығармашылық табыс, денсаулық тіледі. Әуелгі байлық — денсаулық. Облыс әкімі сөзін осы тақырыптан бастады:

—  Аймақтағы санитарлық эпидемиологиялық жағдайға тоқтала кетейін. Бүгінде облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты, Ақтөбе— «жасыл аймақта». Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын11,6 мың адам жұқтырып,  11,1 мың науқас жазылып шықты. Өкінішке қарай, жыл басынанбері дерті асқынып, 160 адам қайтыс болды.  Өңірдегі аурухана төсектерінің жүктемесі — 37%, оның ішінде жансақтау бөліміндегі төсек-орын  жүктемесі 17% болып отыр. Бұл — өте қауіпті вирус, оны тек вакциналау арқылы ғана тоқтата аламыз. Осы жылдың ақпан айынан бастап облысқа СOVID-19-ға қарсы екпенің 265 мыңнан аса мөлшері әкелінді. Бүгінге дейін 110 мыңнан астам адам екпенің бірінші, 65 мың адам екінші компонентімен егілді, — деді О.Оразалин.

Экономика: инвестиция, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы

Бұдан кейін тақырып өңірдің жыл басынан бергі бес айдағы экономикалық көрсеткіштерге ойысты. Экраннан облыстың дамуын айқындайтын арнайы слайдтар көрсетілді. Облыс әкімінің айтуынша, барлық экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады. Статистикаға қарасақ: өнеркәсіп өндірісінің көлемі жоғары қарқынмен өсті —  108,1%, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 112,1%, тау-кен өнеркәсібі  105,9%-ға өскен. Ауыл шаруашылығы өсімінің қарқыны —  102,1%, құрылыс – 101,3%, тұрғын үйді пайдалануға беру – 106,5%, инвестиция 109,6%-ға жетті.

—  Көтерме сауда өсімі — 6,5 пайыз, бөлшек сауда 2,1 пайыз болды. Алайда жаппай індет кезіндегі шектеулердің салдарынан көлік және қойма саласында әлі де төмен көрсеткіш байқалады, — өңір басшысы.

Осындай қиын кезеңде ауқымды инвестициялар тарту өңір дамуына қосымша серпін берді: жыл басынан бергі бес айда 206 млрд теңге инвестиция тартылған. Аймақ басшысының айтуынша, жыл соңына дейін энергетика, мұнай өңдеу, азық-түлік өнеркәсібі, цифрландыру секілді бірнеше салада құны 126 млрд​теңгетұратын31 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар іске асырылған кезде мыңдаған жұмыс орны пайда болады.

—  Ірі инвестициялық жобалардың қатарында құны 36 миллиард теңге тұратын «Arm Wind» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жел электр стансасының екінші кезеңі, құны 9,2 миллиард теңге болатын «Зерде керамика Ақтөбе» серіктестігінің керамогранит және керамикалық плиталар өндіру зауыты, «WEST SMART TRADING» серіктестігінің құны 13,8 миллиард теңге тұратын мәліметтерді өңдеу орталығы, құны 15 миллиард теңге тұратын «ЭкоТехПрогресс» серіктестігінің  зиянды мұнай қалдықтарды қайта өңдеу орталығы секілді бірнеше жоба бар, — деді О.Оразалин.

Экономикалық өсудің негізгі драйверлерінің бірі

Облыс экономикасының маңызды, әлеуеті зор салаларының бірі — ауыл шаруашылығы. О.Оразалиннің айтуынша, келешекте бұл сала экономикалық өсудің негізгі драйверлерінің бірі болады. Биыл ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен шамамен 22,6 млрд теңге көлемінде субсидия бөлінді.

—  Оның ішінде 6,1 миллиард теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Жергілікті бюджеттен 16,5 миллиард теңге қарастырдық. Жалпы, бөлінген субсидия қаражатының  8,7 миллиард теңгесі малдың жемшөбі құнын төмендетуге,  ауылшаруашылығы техникасының сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсатында жұмсалмақ. Бұл — республика көлеміндегі өзіміздің алғашқы бастамаларымыз. Бұған қоса «Еңбек» бағдарламасы бойынша 745 жобаны жүзеге асыру үшін 3,3 миллиард теңге көзделген. Жалпы, жыл басынан бергі бес айда өңірде 85 миллиард теңгеге ауылшаруашылығыөніміөндірілді, өткенжылдыңосындайкезеңіменсалыстырғандаіріқарамалбасы— 7%, ұсақмал— 1%, жылқы малының 24%-ға өскені байқалады. Бұл ретте біздің өңір 1991 жылғы көрсеткіштерден екі есе асып түсті. Сол уақытпен салыстырғанда ірі қара басының саны 8 пайызға, жылқы 2 пайызға артты, —  деді облыс әкімі.

Шағын және орта бизнестің жайы

Шағын және орта бизнес саласы да дамып келеді. Облыс әкімі «пандемия бұл саланың жұмысына кері әсерін тигізсе де, дамудың оң динамикасын сақтап қалғанымызды» айтты. Облыс экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі — 24 пайыз. Соңғы бес айда жұмыс істеп жатқан субъектілердің саны өткен жылмен салыстырғанда 63 мыңға жетіп, 5,1%-ға өскен.

Жыл соңына дейін экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 25%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

— Бизнеске көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдауды да атап өтпеске болмайды. Бүгінде шағын және орта бизнес саласындағы 1200-ден астам жоба мемлекеттік қолдау тапты, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8 есеге көп.

Соның ішінде «Бизнестің жол картасы» аясында 1 024 жоба қолдау тапты, қаржыландыру көлемі биыл 7 миллиард теңгеден асады. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 14 жобаны жүзеге асыру үшін 12,7 миллиард теңге несие берілді. Мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1,2 миллиард теңгеге 227 жоба мақұлданды. Жыл соңына дейін шағын және орта бизнестің 3,3 мың субъектісіне мемлекеттік қолдау көрсету жоспарланып отыр. Бұған қоса төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен бизнес субъектілерін қосымша қолдау үшін жеңілдетілген несие бағдарламасы аясында 35 миллиард теңгелік 150 жоба мақұлданды.

Шағын және орта бизнестің 1500 субъектісінің жалпы сомасы 25 миллиард теңге болатын негізгі қарызы мен сыйақы төлемін төлеу мерзімі ұзартылды, — деді өңір басшысы.

13 мың жаңа жұмыс орны

Пандемия кезінде облыста жұмыссыздықтың өсуіне жол берілген жоқ. Бүгінде өңірде жұмыссыздық деңгейі — 4,8% . Соңғы бес айда 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылған, оның жартысы — тұрақты жұмыс. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі де республикалық орташа деңгейден төмен —  2,5%. Жалпы, биыл 53 мың жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету жоспарланып отырғаны айтылды.

— Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, халықтың жұмыспен қамтылуы және олардың табыстарын сақтау — біздің басты міндеттеріміздің бірі.  Есепті кезеңде облыста орташа айлық еңбекақы 196 мың теңге болды, бұл өкініштісі, республикалық орташа көрсеткіштен төмен, бірақ  бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,5%-ға артық.Бұған жыл басынан бері қырықтан астам ірі және орта кәсіпорынның 30 мыңнан аса жұмысшының еңбекақысын орташа 15%-ға өсіруінің арқасында қол жетті, — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыру аясында жыл басынан бері 24 мыңға жуық азамат 710 миллион теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алған, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 5,7 мыңдай балаға жалпы сомасы 161 млн теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілген. Жергілікті деңгейде қосымша қолдау көрсету мақсатында 13 мыңға жуық азаматқа түрлі жеңілдіктер, қосымша төлемдер мен 702 млнтеңге көлемінде өтемақы берілген. Оған қоса биыл мүмкіндігі шектеулі 14,5 мың адамды әлеуметтік қолдау мақсатында 3,1 млрдтеңге бөлінген.

Тұрғын үй һәм әлеуметтік нысандар

Облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі —  баспанамен қамтылуы. Бұл жұмыс та өңірде тұрақты жүргізіліп келеді. Жыл басынан бергі бес айда облыста  270 мың шаршы метр (1100-ден астам пәтер)тұрғын үй пайдалануға берілді.  Жыл соңына дейін кемінде 1 млн 150 мың шаршы метр (7 200-ден астам пәтер)тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

—  Осы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз етуге 5,6 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның ішінде  жалға берілетін 774 пәтерге 4,9 миллиард теңге және 91 пәтер сатып алуға 760 миллионнан астам теңге бөлінді. Сонымен қатар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл  824 шақырымдық инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, яғни газ, су, электр және кәріз желілерін салуға 11,1 миллиард теңге бөлінеді. Өңірде үйлерді жаңарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр, бұл бағытта жыл соңына дейін құны 1 миллиард теңге болатын 28 жоба іске асырылмақ, —  деді өңір басшысы.

Сондай-ақ тұрғын үйді жаңғырту жұмыстары демеушілік қаражатпен де жүзеге асырылып отыр. Мәселен, биыл облыс әкімдігі мен ERG корпорациясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясындаТұрғындар қалашығы ауданындағы 32 үйге жалпы сомасы 540 млнтеңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуде өңірдегі маңызды мәселелердің бірі. Халықты сапалы медициналық қызметтермен толықтай қамтамасыз ету үшін биыл  жалпы құны 900 миллион теңгеден асатын 8 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. Үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешу үшін 4800 балаға арналған 15 білім беру нысаны салынып жатыр, оның ішінде 10 нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Нәтижесінде бес үш ауысымды, алты тапшы (жетіспейтін), бір апатты және үш ескі мектептің  мәселесі шешілмек.

Спорт нысандарының құрылысы да жүргізіліп жатыр: жыл басынан бері роллерлік шаңғы трассасы, триатлон паркі және екі спорттық-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін облыстың тағы үш  ауданында спорттық-сауықтыру кешендері пайдалануға берілмек.

Жол салу, жөндеу бағытында ірі жобалар жүзеге асырылады

Облыста жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі — 61% (5 жыл бұрын бұл көрсеткіш 48% болған).

Биыл облыста 465 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Бұл жұмыстар орындалған кезде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 66%-ға дейін артады.

—  Соның ішінде мынадай ірі жобалар бар: Биыл құны шамамен 47 миллиард теңге болатын Ақтөбе-Атырау-РФ (Астраханьға баратын жол) шекарасы арасындағы автокөлік жолын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен бірге Ақтөбе-Қандыағаш учаскесін қалпына келтіру жұмыстары басталды, бұл жобаның жалпы құны — 62,5 миллиард теңге.Сондай-ақ биыл Ақтөбе-Орск, Ақтөбенің Оңтүстік айналма жолы, Қобда-Мәртөк учаскелерін қалпына келтіру және күрделі жөндеу сияқты ірі жобаларды аяқтау жоспарланып отыр, — деді облыс әкімі

Жолаушыларды тасымалдау жұмыстары да айтылды. Биыл өңірде 250 қалалық маршруттық автобуста валидатор орнатылып,электронды төлем жүйесі мен жолақының дифференцияланған түрі енгізілді.  Облыстық автобус бағытындағы 10 тасымалдаушының шығынын субсидиялауға 96 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Сондай-ақ биыл теміржол тасымалы саласында әлеуметтік маңызы бар Ақтөбе-Шалқар ауданаралық байланысын субсидиялауға 324 миллион теңге бөлінді.

Су мен газ — ең қажетті екі игілік

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштерінің тағы бір маңызды бөлігі — тұрғындарды таза ауызсумен және көгілдір отынмен қамтамасыз ету.

—  Бұл – Мемлекет басшысы үнемі айтып отыратын басым міндеттердің бірі. Бүгінде облыс орталықтандырылған сумен қамту жағынан Қазақстан бойынша өңірлер арасында үздік бестіктің қатарында — 96,2%.  Биыл құны 8,4 миллиард теңге болатын 28 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жыл аяғына дейін  облыс тұрғындарының 97,3%-ын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай біз халықты ауызсумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз, — деді өңір басшысы.

Қазіргі кезде облыс тұрғындарының 91,6%-ы газбен қамтамасыз етілген. Биыл газбен жабдықтау жобаларын іске асыруға бюджет есебінен 5,9 ммиллиард теңге қарастырылған. Нәтижесінде 14 ауылда газ жүргізу аяқталып, тұрғындары үшін көгілдір отын қолжетімді болады, бұл тұрғындардың газбен қамтылуын 92,6%-ға дейін арттырады. Оның ішінде екі ауыл «ҚазТрансГаз» қоғамының инвестициялық бағдарламасы аясында газбен қамтамасыз етілмек.

— Жыл аяғына дейін облыс экономикасының өсу дейгейі кемінде 4 пайыз болуға тиіс деген меже қойып отырмыз. Ол үшін өнеркәсіптің өсімін 105 пайызға, сауда саласын — 103,5 пайызға, құрылыс саласын 105,8 пайызға,  ауыл шаруашылығы саласында 105,4 пайызға арттыруды қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге жыл соңына дейін өңірге шамамен 8 млрд теңге инвестиция тарту, кемінде 23 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Қорытындылай келе, біз өңір экономикасын дамытуға, бизнес өкілдеріне қолайлы жағдайлар жасауға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қажетті барлық шараларды қабылдап жатқанымызды және әрі қарай да қабылдайтынымызды айтқым келеді, —  деді О.Оразалин.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button