Жаңалықтар

Оқырмандармен жүздесті

Баспасөз — 2021

«АқтөбеМедиа» ЖШС өкілдері Әйтеке би ауданында болып, оқырмандармен кездесті.

Алдымен аудан әкімі Дархан Ермағамбетовтің қабылдауында болған тілшілер ауданның ауылшаруашылығына қатысты  әңгімелесті. Синоптиктердің болжауынша, биыл Әйтеке би ауданы үшін жаз жауынсыз, құрғақшылық болады деп  күтілуде. Бұған дейін де жарытып тамбаған жаңбырды күткендеріне біраз болыпты. Егіс үшін де диқандар алаңдаулы. Дегенмен аудан басшысының айтуынша, егіннің шығымы жақсы, шаруалар мал азығын дайындауға кірісіп кеткен.

Жаздажауын-шашын аз болғанымен, қыста қар қалың болып, жердің ылғалдылығы метргедейін жетті. Ылғалы көп болғаннан кейін жақсы көтерілді. Егіннің жайын кесіп айта алмаймыз. Оны алдағы уақыт көрсетеді. Ауданда мал азығынан тапшылық болмайды. Былтырдан қалған мал азығының қоры бар. Өзімізді қамтып болмай, ешкім сыртқа шөп сатпайды.  Бір бума шөптің бағасы 250 теңге деп отырмыз. Алайда кейбір ауылдарда тасымалға, қашықтығына қарай баға сәл көтерілуі мүмкін, — деген аудан әкімі бұдан басқа да ауданға қатысты мәселелерді қысқаша баяндап берді.

Әйтекебиліктер үшін «Ақтөбе» және «Актюбинский вестниктің» орны ерекше. Тұрғындар өз ауданына қатысты жаңалықтарды облыстық газеттердің бетінен жиі көргісі келеді екен. Ауыл азаматы ретінде көзбен көріп, көңілге түйген түйткілді мәселелерді қозғап, биліктің назарын аударып отыратын бұқара бетін жандандырса дейді. Қазіргі таңда қос газеттің екі мыңға тарта оқырманы бар.   Кездесуде газет материалдарының сапасына, таралымына, жеткізу уақыттарына байланысты оқырмандардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

«Ақтөбе Медиа» ЖШС үйлестірушісі, ақын, Жазушылар одағының мүшесі Жақсылық Айжанов әрбір оқырманның жіберген мақаласы қараусыз қалмайтынын айтты.

Одан кейін Қарабұтақ ауылында  болған кездесуде оқырмандар ауылда болған әрбір жаңалық, мерекелік шаралар, кәсіпкерлер мен қызмет көрсету орындары туралы жазып отыруға ықыласты екендерін жеткізді.

Самат ЕСЕНҚҰЛ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button