Жаңалықтар

Ауылдың дәмі сатылады

Ақтөбе қаласында «Алқаптан — сөреге» жобасы аясында Темір ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің дүкені ашылды.

Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаевтың айтуынша, бұл — облыс басшылығының тікелей тапсырмасы негізінде қолға алынған шаруа. Ұйымдастырушылар сол арқылы тұрғындарды сапалы һәм нарық бағасынан төмен азық-түлікпен қамтуды көздеп отыр. Әрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің халыққа арнаған былтырғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытып,  пандемия кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау керектігін айтқаны белгілі.

Негізінен ет, сүт өнімдері сатылатын дүкеннің сөрелеріне болашақта Темір ауданында өсірілген жеміс-жидектер, көкөністер де қойылады деп күтілуде.

Дүкеннің иесі — жеке кәсіпкер Сұлтанбек Жонысов шаруалардың өнімдерін делдалсыз, қолжетімді бағада саудалауға уәде етті.

Ресми дерекке сүйенсек, қазіргі таңда Темір ауданында 304 шаруа қожалығы бар.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button