Білім

Балдырған

Өз елімнің өрнегі

Мен — кербез де кең өлкенің бақытты баласымын. Сонда өзімді неге бақытты санаймын? Себебі, менің Отаным — тәуелсіз ел. Осы бір құлаққа жағымды сөзде қаншама мән-мағына, ұлы ұғым жатыр.

Еліміздің алғашқы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының, іскерлігінің арқасында тәуелсіздігіміздің іргесі бекіп, қай жағынан болмасын көптеген елдердің алдына шығып, аршындай басып келеміз. Әнімізбен де, дәнімізбен де, байлығымызбен де әлем назарын өзімізге аудара бастадық.

Кез келген елдің өзіндік салт-дәстүрі болатыны сияқты әрбір дербес мемлекеттің өзіндік бет-бейнесін білдіретін рәміздері болады. Мемлекеттік рәміздер еліміздің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмысы мен ерекшелігін, өзге елдермен байланысын, аңсаған арманын, мәдени нышандарын білдіреді.

Мемлекеттік тудың зеңгір көк түсті болуы адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны, ынтымақ пен бірлікті аңғартады. Ортасындағы шұғылалы күн бейбітшілік пен береке-байлықты, аспанда қалқып ұшқан қыран билікті, көрегендік пен кеңдікті, күш-қайрат ұғымын білдіріп, қанатын жайып, асқан арманға, асыл мұратқа құлаш ұрып келе жатқандай.

Туымызды даралап тұрған тағы бір белгі — оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнек. Ұлттық ою-өрнек — ата-бабаларымыздың ғасырдан-ғасырға жеткен ақыл-ойы мен шеберлігінің жемісі, халқымыздың эстетикалық және көркемдік танымының бір көрінісі. Қазақы болмысымызды айқындаушы, рухымыздың бір тынысы.

Елтаңбадағы көгілдір түс аясында тұрған шаңырақ — отбасының, бүкіл адамзаттың нышаны. Шаңырақты айнала жан-жаққа таралған күн сәулесі сияқты уықтар шаншылған. Оны бүгінгі күнге аңыздар арқылы жеткен мүйізді пырақтардың қанаттары көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар, ал жоғарғы жағындағы уық-сәулелердің үстіне кшігірім бес жұлдыз — таңмен бірге туатын Шолпан жұлдызы орналасқан.

Халқымыздың жарты ғасырдан бергі шарықтата шырқап келе жатқан «Менің Қазақстаным» әнін Президентіміз Н.Назарбаевтың түзетуімен Әнұран ретінде шырқап, Әнұран рухымен қанаттанып келеміз.

Елімізде тыныштық пен бейбітшіліктің салтанат құрып тұрғаны Елбасымыздың асыл қасиеттерінің арқасы. Тәуелсіздік тұғырын орнықтырған сүйікті Президентіміз елімізді жарқын болашаққа жетелеп келеді.

Бақытты елде туған соң бақытты өмір сүреміз.

Әйгерім ӨТЕШОВА,

7-сынып оқушысы.

Темір аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйі.

Оқушының өлеңі

Батыр Бауыржан

Отан үшін шайқаста жарқ етіпті жасындай,

Әскер бастап ұмтылған бораған оққа басылмай.

Мың сан жаудың екпінін айбынымен тежеген,

Момышұлы Бауыржан — нағыз батыр осындай!

Панфиловтай қыраннан әуел баста бата алған,

Сұм соғыстың басында-ақ Аңыз-адам атанған.

Қайтпас қайсар жүрегі үлгі болған талайға,

Шегінбеген әскері алғы шептік қатардан.

Біріктіріп сан ұлтты Москваны қорғаған,

Ажал оғын дұшпанға ел кегі үшін «жолдаған».

Шежіреге үңілсек, шындық көзге көрінер,

Бірінші батыр Бауыржан, одан мықты болмаған.

Үлгі тұттық өзіңді батыр болған бабамыз,

Ел басына күн туса біз де сіздей жанамыз.

Батырлықтың белгісін, ел сүюдің үрдісін,

Батыр баба Бауыржан, тек өзіңнен табамыз.

Ұлан ҚАЛБЕКОВ,

облыстық қазақ-түрік лицейінің оқушысы.

Он дерек

…Қашан пайда болды?

Шеге — Біздің заманымызға дейінгі 3300 жылдар шамасы. Месопотамия.

  • Гальванометр — 1834 жыл. Андре Мари Ампер. Франция.
  • Электростаттық генератор — 1650 жыл. Отто фон Герике. Германия.
  • Генетикалық инженерия — 1973 жыл. Стэнли Н. Коэн, Герберт У. Бойер. АҚШ
  • Гильотина — 1792 жыл. Жозеф-Игнасий Гийотен. Франция.
  • Гирокомпас — 1911 жыл. Элмер Сперри. АҚШ.
  • Сөйлейтін автомат — 1968 жыл. Дон Ветцель. АҚШ
  • Газ оттығы (горелка) — 1855 жыл. Роберт Вильгельм Бунзен. Германия.
  • Граммофон күйтабағы (мырыш диск, балауызбен қапталған) — 1888 жыл. Эмиль Берлинер. Германия.
  • Ұзақ ойнайтын граммофон күйтабағы — 1948 жыл. Питер Карл Голдмарк. АҚШ

Жануарлар әлемі

Ашушаң және қауіпті

Африканың басқа жұртта жоқ жануарларының бірі — буйвол, дәлірек айтқанда, африкалық буйвол.

Бұлар орманда тіршілік етеді. Басы дәу, тұмсығы үнемі сілекейленіп тұрады. Қалқиған құлағы мен ірі мүйіздері де ерекше көзге түседі.

Африкалық буйволдар тым ашушаң және өте қауіпті. Ол кім көрінгенге жазықсыз тарпа бас салады, тіпті өзін жаралаған аңшыны қалың тал-шыбық арасынан аңдып та жүретіні бар. Бұлардың адамдардан басқа екі жауы ғана бар: арыстандар мен қолтырауындар.

Аса төзімді болып келетін бұл жануарлар өріс талғамайды, ормандарда да, жартылай шөлейт аймақтарда да өмір сүре береді. Басты қажеті — азық пен су тоғандары. Буйволдар екі мезгіл су ішеді — ертеңгісін және кешкісін. Басқа уақыттарда суға түскенді, шалшыққа аунап жатқанды жақсы көреді.

Африкалық буйволдар негізінен түнде жайылады, шөптер мен көк өскіндерге бас қояды. Есту қабілеттері нашар, оның есесіне аңғарымпаз болады. Оннан жүзге дейін топтасып жүреді.

Дене тұрқы ұзындығы 2,1-3 метр, құйрығының ұзындығы 75-110 сантиметр болатын бұл буйволдар шамамен 16 жылға дейін тіршілік етеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button