Басты жаңалықтар

Жолың қалай, Ақтөбе?

Құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және цифрландыру мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында автомобиль жолдарының жай-күйі, оларды күтіп ұстау мәселелері қаралды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайердің айтуынша, облыстағы жалпы қолданыстағы автожолдардың ұзындығы— 6 831,5 шақырым:

— Былтыр 32,8 миллиард теңге бөлініп, 606 шақырым автожол жөнделді, нәтижесінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы жәнеқанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 3 мың шақырымнан асты, —  деді ол.

Биыл  21,3 миллиард теңгеге 100 жобаіскеасыружоспарланыпотыр. Бөлінгенқаражатесебіненжергіліктімаңызы бар 464,8 шақырым автомобиль жолынжөндеу, ұзындығы 214 шақырым Ақтөбе-Атырау – РФ (Астраханьға), Қандыағаш–Мақат автожолының учаскесін толық пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ұзындығы 89 шақырым Ақтөбе-Қандыағаш учаскесін қайта жаңарту басталды, бұл жобаның жалпы құны — 62,5 млрд.теңге.

Сонымен бірге биыл облыстық жолдар бойынша Ақтөбе – Орс» автомобиль жолын қайта жаңарту, Қобда-Мәртөк автожолын күрделі жөндеу, Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк автожолын орташа жөндеуді аяқтау жоспарланып отыр.

Жол-құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты жасалған шарттар шеңберінде 488 тексеріс жүргізіліп, 112 бұзушылық анықталды (оның 42-сі әлі жойылған жоқ), жол-құрылыс материалдарының 2 008 сынамасы іріктеп алынып, сынақтан өткізілді (оның 356-сы нормаларға сәйкес келмейді).

Жиында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ облыстық филиалының директоры Марат Махамбетов пен «Қазақавтожол»  ЖШС бас инженері Марат Тіленбаев республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйі мен оларды жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.

Мейрамгүл САТАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button