Жаңалықтар

Хромтаулық полицейлердің қуанышы

Хромтаулық полицейлер кәсіби мерекесі қарсаңында қос қуанышты сәттің куәсі болды. Мереке иелерінің бірі жаңа баспанаға ие болса, учаскелік полицейлер  қызметтік көлік мінді.

Құқық қорғау саласының мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтаған аудан әкімі Азамат Бекет полицейлердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі және коронавирус пандемиясының таралмауы жолындағы еңбектерін жоғары бағалап, алғыс айтты. Салтанатты шарада аудандық полиция бөлімінің инспекторы Ербол Әлиевке пәтер кілтін табыстап, жаңа қонысымен құттықтады. Сондай-ақ учаскелік полицейлерге «JAC» маркалы жаңа қызметтік автокөліктің кілтін табыс етті. Жаңа көліктің келуі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және қылмыспен жедел күресуге көмектесетініне сенім білдірді. Сондай-ақ полиция қызметкерлеріне қажетті заттармен жабдықталған екі 6 орындық, жылжымалы, тұрғын-модульдік бекеті берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 17 маусымында Хромтау ауданы Көктау ауылында учаскелік полиция пунктінің салтанатты ашылуы өткен болатын. Учаскелік полиция пункті Көктау ауылдық округі әкімдігінің жаңа ғимаратында орналасқан.

Салтанатты шараға ішкі істер органдарының ардагерлері мен жергілікті атқарушы органның өкілдері де қатысты.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button