Басты бет » «Ақтөбе — құтты мекен» » Қаланы абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Қаланы абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Биыл Ақтөбеде 200-ден аса аулаға асфальт төсеп, 67 ойын алаңын орнату жоспарланып отыр. Сондай-ақ 113 үй қайта жаңартылады. Ақтөбе қаласындағы осы және өзге де салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысын облыс әкімі Оңдасын Оразалин аралап көрді.

Облыс әкімі алдымен  Оңтүстік – Батыс-1 ауданының Әбіл Тарақұлы мен Ақай Ақтан батыр көшелеріндегі жолдарды жөндеу, сонымен қатар Әбілхайыр хан даңғылы бойындағы жерасты өтпе жолын жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.

Қалада Тұрғындар қалашығы ауданын қайта жаңарту жұмыстары белсенді түрде іске асырылып жатыр. Барлығы 113 үй жаңартылуы қажет. Үйлердің шатырын, қасбетін жөндеу, аулаларды абаттандыру, спорттық алаңдар, жаяу жүргіншілер аумағын салу, шағын сәулеттік пішіндерді қалпына келтіру  секілді жұмыстар қарастырылған. Бір айта кетерлігі — Тұрғындар қалашығының тарихи келбеті сақталатын болады. Бұдан бұрын Оңдасын Оразалин осы жылдың тамыз айына дейін үйлердің қасбеттерін жаңартып болуларын тапсырған болатын.

Сондай-ақ облыс әкімі 8-ықшам аудандағы көп қабатты үйлердің аулаларының абаттандырылуымен және жолдарының, Әбілхайыр хан даңғылы бойындағы үйлердің аулаларына кіретін жолдардың жөнделу барысымен танысты. Биыл Ақтөбеде 200-ден аса аулаға асфальт төсеп, 67 ойын алаңын орнату жоспарланып отыр.

Қаланы аралап шыққан облыс әкімі қала әкіміне жұмыстарды уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.