Жаңалықтар

Тәлімгерің кім?

Жас маманның облыс әкімінің орынбасарымен немесе басқарма басшысымен бірден қоян-қолтық жұмыс істеуі мүмкін бе? ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті осындай қызық бастаманы қолға алыпты. Облыста «Өнегелі тәлімгер» жобасы мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген жас мамандарды кәсіби тұрғыда дамыту мақсатында қолға алыпты.

— Жобаның негізгі міндеті — білімдерімен бөлісуге дайын облыстың тәжірибелі және білікті басқарушыларын тарта отырып, белсенді жас қызметшілерді өзін-өзі дамытуға ынталандыру және мотивациясын арттыру. Аталған жоба тұрақты сипатқа ие және тәлімгерлікті жаңа деңгейде жүзеге асыруға  мүмкіндік береді. Жас маманмен  тәлімгерлік кезеңі алты айды құрайды және осы мерзім ішінде жас маман бірнеше тәлімгерден білім ала алады. Жобаға тәлімгер ретінде

облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, облыс әкімінің кеңесшісі Сәния Қалдығұлова, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары Сағат Еңсегенұлы, Марғұлан Аманбаев, Бекбулат Колумбаев, Жолдас Батырхан, Бұлбұл Күзембаева, Айбек Көпенов, Нұрхан Тілеумұратов және департамент басшысы Әділбек Мұқашев алынды, — дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Ардақ Елеусізова.

Айта кетейік, «Өнегелі тәлімгер» жобасы тәлімгерлікті жаңа деңгейде жүзеге асыруға және тәлімгерлерге бірқатар мәселелер бойынша өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік береді. Жоба тұрақты сипатқа ие. Тәлімгер мен қызметші жұмысын бетпе-бет немесе онлайн түрде жүргізе алады. Тәлімгерлік аяқталғаннан кейін тәлімгер қызметшінің тікелей басшысына немесе қызметшіге ұсынымдар бере алады.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button