Рухани жаңғыру

 «Еңбек жолы» байқауына қатысыңыз!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Еңбек — елдің мұраты» жобасын іске асыру мақсатында өткізілетін дәстүрлі «Еңбек жолы» республикалық байқауына өтінім қабылдау 1 шілдеге дейін жалғасады.

«Еңбек жолы» байқауы Тұңғыш Президент-Елбасының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» және «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақалаларын іске асыру шеңберінде өткізіледі және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға бағытталған.

Байқаудың мақсаты — қоғамда еңбек адамдары туралы оң пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау; жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу; «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру және еңбек өнімділігін арттыру.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Әуелі қатысушылар облыстық кезеңде іріктеліп, кейін республикалық байқауға қатысады. Байқауға қатысушылар «Үздік еңбек әулеті», «Үздік тәлімгер», «Өндірістің үздік жас маманы» номинациялары бойынша сынға түседі. Әр номинация бойынша бірінші, екінші және үшінші орындар қарастырылған. «Үздік еңбек әулеті» номинациясында талапкердің марапаттарға толы көп жылғы еңбек өтілі ескеріледі. «Өндірістің үздік жас маманының» еңбек өтілі бес жылдан аспауы тиіс. Сондай-ақ белсенді әрі еңбекқор болуы шарт.

«Үздік тәлімгер» кәсіби тәжірибесін қоса есептегенде кемі 20 жылдай еңбек өтілі бар жұмысшылар арасынан таңдалады.

Былтыр «Еңбек жолы-2020» республикалық байқауына біздің облыстағы кәсіпорындар арасынан 24 үміткер қатысты.

«Еңбек жолы» облыстық байқауға қатысуға ниет білдірген талапкерлер материалдарын Маресьев көшесі, 101-үй мекенжайында орналасқан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тапсыруларына болады. Күтеміз, «Еңбек жолы» байқауында бақ сынаңыз!

 Айымгүл НҰҒМАНОВА,

облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button