Білім

Ел тірегі — бүгінгі түлек

Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы №60 мектепті  74 түлек бітірді. Олардың 9-ы «Алтын белгіге», 2-еуі «Үздік аттестатқа» ие болып, мектеп мәртебесін көтерді.

Биыл білім шаңырағы бесінші мәрте түлегін түлетті.

«Оқу  инемен құдық қазғандай» деген нақыл бар. Биылғы 11 түлегіміз өз күш-жігерлерінің арқасында мектепті үздік аяқтап, ата-аналарының үмітін ақтап, тәлім берген ұстаздарының сенімінен шыға білді. 11 оқушымыздың жетістігі — олардың мектептің 5 жылдығына қосқан үлкен сыйы.

Биылғы түлектердің мектеп тарихында алар орны ерекше болмақ.  Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспатұс келген мектебіміздің 5 жылдығында 9 «Алтын белгі» иегерін түлеп ұшырту мектеп үшін үлкен белес, — дейді мектеп басшысы Абзал Тәжімішев.

№60 мектептің «Алтын белгі» иегерлері:  Дильназ Жұмақұлова, Шынар Жоламанова, Динара Жалғасбаева, Әбдірахим Жалбасов, Әлішер Сабыр, Еркеназ Ұзақбаева, Нұрбақыт Өтепбаева, Динара Жұмаева, Гүлдана Өтегенова. Ал Фариза Хамитова мен Аңсаған Көлжан «Үздік аттестат» иеленді.

Б.АЛТАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button