Басты жаңалықтарТәуелсіздік — 30

Жетістіктер мен игі істер

Ақтөбеліктердің өмір сүру сапасы жыл сайын жақсарып келеді: тұрғындар балаларды жан-жақты дамытып, қарттарға жайлы өмір сыйлауы үшін, яғни өз мақсатына жетіп, барлық қажеттіліктеріне қол жеткізуі жолында жаңа мүмкіндіктерді еш кедергісіз пайдаланып отыр. Тәуелсіздік өңір тұрғындарына өз баспаналарын тұрғызып, жеке кәсібін дамытуға, туған жерін дамытуға барынша үлесін қосуға мүкіндік берді: ауылдар көркейіп, қалалар абаттандырылып жатыр,қазақтың бай тарихындағы ашылмаған парақтарға қайта үңіліп, тарихи тұлғаларымызды тануға, ұлықтауға қол жеткіздік. Мұның барлығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты арқасында жүзеге асқаны белгілі.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен сұхбатымызда Тәуелсіздіктің 30 жылында өңірдің жеткен жетістіктері, алға қойған мақсаттар мен міндеттер, еліміздің бүгінгі тарихын жасап жатқан ақтөбеліктер туралы айтылды.

Бастапқы жылдар

—Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл болды. Осы жылдар аралығында елдамуына Ақтөбе облысы да айтарлықтай үлесін қосып келеді. Әңгімемізді тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы өңірдің даму баспалдағы туралы бастасақ…

— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында біз бейбіт жолмен тәуелсіз ел атандық, дегенмен бір қоғамдық формациядан екінші формацияға өтудің де өз қиыншылықтары болды. Алғашқы жылдары біздің облыста да басқа өңірлердегі секілді күрделі экономикалық және әлеуметтік мәселелер болды. Сонымен бірге бұрын болмаған өзгерістерге куә болдық. Мәселен, қоғамдық-саяси өмірдің көптеген салаларында еркіндікке қол жеткіздік. Еркін жүріп-тұрудың арқасында мыңдаған бастамашыл адамдаршетелде өз ісін жүргізуге, оқуға, еркін саяхаттауға мүмкіндік алды.

Ел өмірі көз алдымызда өзгере бастады.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы аяққа тұру кезеңдерін ұмытпауымыз керек. Салыстырмалы түрде айтсақ, табиғи ресурстарға бай КСРО өз тұрғындарының қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады, әсіресе ауылдық жерде инфрақұрылымның дамуы нашар болды. Мәселен, 1991 жылы облыс тұрғындарын көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 45,6 пайыз болса, биыл бұл көрсеткіш 91,4 пайызға жетті. Қазіргі күні біздің өңір тұрғындарды көгілдір отынмен қамту бойынша республикада төртінші орында тұр. Тұрғындар саны 250-ге жетпейтін елді мекендерге дейін газдандыруға тырысамыз. Отыз жыл бұрын көгілдір отынның компрессорлық станция орналасқан елді мекеннің бір бөлігінде ғана болғанын, ал совхоздың аумағына жататын екінші бөлігінде болмағанын елестету де қиын шығар.

Ауызсумен қамтамасыз ету 1991 жылы 60 пайыз болған болса, бүгінгі көрсеткіш — 96,2 пайыз.  90-жылдардың ортасында ақтөбеліктер электр энергиясымен қамту мәселесіне қатысты көптеген қиындықтарға тап болды, себебі электр энергиясы бізге Ресейден келетін еді. Естеріңізде болса, сол жылдары электр энергиясы  тәуліктің тек белгілі бір уақыттарында ғана қосылатын еді. Елдің Тұңғыш Президентінің қолдауының арқасында аз уақыттың ішінде Ақтөбе энергетикалық орталығын  Қазақстанның бірыңғай электроэнергетикалық жүйесімен қосатын, Жітіқара және Өлке секілді екі қосалқы станциясы бар, «Ақтөбе облысы-Солтүстік Қазақстан облысы»  аймақаралық электр желісі тартылды.

Сондай-ақ ақтөбеліктер жаңа астанаға жету үшін Ресей шекарасынан бірнеше рет өтуге, яғнишекара және кедендік тексерулерден өтуге мәжбүр болған еді. Ұзындығы 402 шақырым болатын Хромтау-Алтынсарин теміржол желісінің құрылысы тек Нұр-Сұлтан қаласына ғана емес, Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарына тікелей баруға мүмкіндік берді.

Тәуелсіздік жылдарындағы өмір сүру сапасының артқанын өмір сүру ұзақтығы мен көрсеткіштері бойынша бағалауға болады: өңірде орташа өмір сүру жасы — 75 жас. 90 жылдары облыста 741 мың адам тұрды, көші-қон процестеріне қарамастан, қазір облыс тұрғындарының саны 900 мың адамға жетті. Ақтөбе қаласының өзінде халық саны үш есеге артты.

10,7 миллион шаршы метр тұрғын үй (90 854 пәтер), 13 аурухана, 141 емхана, 530 мектепке дейінгі ұйым, 167 мектеп салынды. Облыстағы әрбір үшінші мектеп тәуелсіздік жылдарында тұрғызылды.

Бүгінде қорамыз малға да толды. Өңірде өткен жылдың соңында ірі қара саны 531,4 мыңға, жылқы — 180 мыңға (екі есе өсті), түйе 18 мыңға (үш есе өсті) жетті.

Инвесторлардың лайықты үлесі

— Тәуелсіздік өңірдің табиғи байлығын тиімді басқаруға мүмкіндік берді ғой…

— Елдің экономикалық немесе саяси жағдайы тұрақты болмаса, шетелдік капиталдың келмейтіні белгілі. Елбасының басшылығымен қажетті нормативтік база құрылып, соның арқасында көптеген инвесторлар тұрақты дамуымызға сеніп, бізге жаңа технологиялармен қадам басты. Бүгінде бізде көмірсутек шикізаты бойынша 32 жер қойнауын пайдаланушы  44 келісімшартпен жұмыс істейді. Қатты пайдалы қазбалар бойынша 96 келісімшарт бар, оларға 233 лицензия берілген. Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша 136 кен орны игерілу үстінде.

— Елбасының өңірлердің алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі — инвесторларды тарту жайы қалай іске асырылып жатыр?

— Жақында ғана Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андре Карстенс пен Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Жұмағалиевпен, сондай-ақ ірі шетелдік инвестор компаниялардың өкілдерімен кездесу өтті. Ауыл шаруашылығында Нидерландымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, арнайы жабдықтар өндіру, сондай-ақ бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Облыс аумағында тек осы елдің капиталының қатысуымен 25 компания жұмыс істейді.

Осының барлығы Нұрсұлтан Әбішұлының саясатының арқасында екені даусыз. Өйткені кезінде Елбасының басшылығымен нарықтық негізге көшу, кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірқатар заңдар қабылданған еді. Сәйкесінше шетелдік компаниялар мен ұйымдарға тұрақты құқықтық базасы бар ел тартымды бола түсті. Трансұлттық компаниялар тарапынан сенім пайда болып, олар өз инвестицияларымен келді.

Көптеген маңызды өнеркәсіп нысандары Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен іске қосылды. Мысалы, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты —«Қазхром» ТҰК-ныңқуаты 440 мың тонналық ферроқорытпа өнімін шығаратын төртінші цехы. Кәсіпорынның негізгі элементі төрт мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыды. Өндірісте бүкіл әлемдік ферроқорытпа саласы үшін бірегей, тұрақты тоқ пештерінде балқытудың инновациялық технологиясы пайдаланылады.

Қазақстанның индустрияландырудың өңірлік картасындағы тағы бір мықты жоба — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ ГӨЗ-2 үшінші кезегі. Жобаның қуаттылығы жылына 7 миллиард текше метр газды құрайды.

2018 жылдың желтоқсан айында Қожасай кен орнында «GasProcessingCompany» ЖШС газ өңдеу кешені пайдалануға берілді. Бұл — елдегі жеке инвестициялар есебінен салынған жалғыз зауыт. Газды кешенді дайындау қондырғысы шикізат базасын ұтымды пайдалануға, ілеспе мұнай газын қайта өңдеуді ұлғайтуға және атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Өнімнің 70 пайызға жуығы «Бұқара – Орал» желілік газ құбыры арқылы шетелге экспортталады.

2020 жылы 1156 жұмыс орны құрылып, 138,3 миллиард теңгеге 23 инвестициялық жоба іске қосылды. Бұлардың ішіндегі ең ірісі: Хромтау ауданындағы Ақтөбе мыс компаниясының мыстан мыс-мырыш кенін қайта өңдеу үшін байыту фабрикасын жаңғырту; «ArmWind» ЖШС жел электр станциясы.

Жыл қорытындысы бойынша тартылған инвестиция көлемі 646,8 миллиард теңгені құрады. Биыл 800 миллиард теңгеден астам қаражатты тарту жоспарланып отыр. Қаңтар-сәуір айларында инвестиция көлемі 141,2 миллиард теңге болды. Желтоқсан айына таман 958 жұмыс орнын құрып, 89,7 миллиард теңгеге ИИДМБ жобаларын қоса алғанда 30 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұлардың арасындағы ең ірілері: «Ақтөбе ТЭЦ» АҚ ЖЭО жаңғырту; «ЭкоТехПрогресс» ЖШС қауіпті мұнай қалдықтарын өңдеу; «WestSmartTrading» ЖШС деректерді өңдеу орталығы; «BlueEnergyInvest» ЖШС деректерді өңдеу орталығы»; «GasProcessingCompany» ЖШС газды кешенді дайындау қондырғысын қайта жаңарту.

— Күн тәртібіндегі «жасыл экономиканы» дамыту — Елбасы дамытуға тапсырған тағы бір бағыт. Ақтөбеліктердің бұл салада да жетістіктері бар. Осы бағыттағы жоспарлармен бөліссеңіз…

— Жаңғыртылатын энергия көздері саласында жалпы сомасы 577 миллиард теңгеге 4 жоба іске асырылуда. Қарғалыауданындақуаты 48 МВт желэлектрстанциясысалынды, инвестор —«Eni» (Италия) компаниясы. Қуаттылығы 48 МВт болатынжобаныңекіншікезеңініңқұрылысыжүргізілуде, оны іскеқосу 2022 жылғажоспарланған. Ал екіжобаәлі пысықталусатысында: Хромтау ауданындағы«ERG CapitalProjects» ЖШС-ныңқуаттылығы 150 МВт және«Aktobe WPP» ЖШС-ның (Румыния) қуаттылығы— 500 МВт. Соңғысына қатысты жобалау-іздестіружұмыстарыжүргізілуде.

200-гежуықшаруақожалығыныңжасылтехнологиянықолданатынықуантады. Өйткенішалғайқыстақтар мен жайылымдардасуаруүшінэлектрқуатықажет, ал оны жүздегеншақырымғажеткізугеәлімүмкіндікжоқ. Олар 1312 аккумуляторлықбатареяларды, инверторларды, контроллерлерді, сондай-аққуаты 2 кВт-танбасталатынкүнпанельдерінорнатты. Мұндай жаңашылдық шалғай жерлерде қалыпты құбылыс ретінде қабылдана бастады.

Жол — экономиканың күретамыры

— Облыс территориясы арқылы Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған ірі халықаралық жоба — «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлікмагистралі өтеді.  Өңірде іске асырылып жатқан жол жобалары біздің оқырмандарымыздың да, басқалардың да назарларын аударуға лайық. 

Біздің өңірдің көлік-логистикалық әлеуеті жоғары қуатқа ие екенін осыдан-ақ байқауға болады. Ақтөбе — солтүстіктеРесеймен, оңтүстікте Өзбекстанмен шектесіп жатқан еліміздегі жалғыз өлке. Бір кездері барлық жолдар Рим арқылы өткен болса, бүгінде жүк тасуға бағытталған теміржол көлігі де, автокөлік те Ақтөбеге соқпай өтуі мүмкін емес. «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» жолы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін берді. Оның бойынан кемпингтер, қонақүйлер, жанар-жағармай бекеттерін, дөңгелек жөндеу цехтарын және басқа да қызмет көрсету орталықтарын кездестіресіз.  Шағын және орта бизнес табыс табуға, даму үшін үлкен мүмкіндікке ие, бұл ретте мультипликативтік әсер бар: жол бойындағы қызмет көрсету орталықтарына ауыл шаруашылығы өнімдері үнемі қажет болады.

Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ-Ұлғайсын жолындағы жүк ағыны жобалық қуаттылықтан төрт есе асып түсті, осы бағытта тәулігіне  12 мыңға жуық көлік жүреді. Бұл өңірдің транзиттік әлеуеті мен экономикасының айтарлықтай дамуын көрсетеді. Бұл жолды бірінші санатқа ауыстыру керек, оны «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің параметрлеріне сай келетін төрт жолақты ету қажет.

Өз күшімізбен Шалқар-Бозой жолын салуды бастадық, бұл жол болашақта Өзбекстанмен байланыстырады. Сондай-ақ Ойыл ауданында да Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарына жеткізетін жолды салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе-Атырау-Астрахань жолының айтарлықтай бөлігі біздің аумағымыз арқылы өтіп жатыр және бұл жол қазір пайдалануға берілді.

Ақтөбе қарқынды дамып келеді, сондықтан оңтүстік айналма жол қала ішіне «кіріп кетті». Сол себептібіз жақын арада жаңа айналма жол салуға мәжбүр боламыз.

Болашаққа бағдар

—Тұңғыш Президент Жолдауларының бірінде Ақтөбе республикадағы төртінші агломерация орталығына айналатынын айтты. Болашақта миллион тұрғыны болатын шаһардың даму қарқыны қалай?

—2018 жылғы наурызда ҚР Үкіметі Ақтөбе агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекітті. Сол жылдың мамыр айында облыстық мәслихаттың шешімімен «2018-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді, онда негізгі сегіз бағыт бойынша 170 іс-шара жоспарланған.

Әсірелеу үшін көзбояушылық жасаудың қажеті жоқ. 2020 жылдың қорытындысы бойынша агломерация халқының саны — 682,4 мың адам. Болашақта миллион тұрғыны болатын өлкенің құрамына алты ауданның 88 елді мекені және Ақтөбе қаласы кіреді. Бұл елді мекендер орталықтан көліктік қолжетімділіктің сағаттық изохронасына кіреді.

Бала туу көрсеткішінің артуы және көшіп келушілердің көбеюіне байланысты бізде үш ауысымды мектептер мәселесі өзекті болып отыр, жаңадан құрылыс салуға үлгере алмай жатырмыз. Сондай-ақ  емханалар салу қажет. Шілде айында жаңа перинаталдық орталық ел игілігі үшін пайдалануға беріледі, көпбейінді аурухана ашу жоспарланып отыр. Жан басына қаржыландыру жүйесіне  көшудің арқасында бұл нысандарға жеке инвесторлар қызығушылық білдіруде. Дәл осы тәсіл бойынша спорт нысандарын да салатын боламыз.

Жыл сайын агломерация аймағында негізгі азық-түлік өнімдері өндірісінің өсуін қамтамасыз ету жалғасып жатыр. Соңғы үш жылда АӨК саласында жалпы құны 20 миллиард теңгеден астам қаржыға 70-тен аса инвестициялық жоба іске асырылды, 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

— Облыста Елбасының бастамасымен қолға алынған  «Рухани жаңғыру», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» мемлекеттік бағдарламалары табысты жүзеге асырылып жатыр.  Жетістіктерге  тоқталсақ…

 Бұл бағдарламалардың көпшілігі болашаққа бағытталған.  Біз осында туып-өстік, өсіп-өндік. Мұнда біздің ата-бабаларымыз өмір сүрді. Біз ата-баба дәстүрін жалғастырушылармыз.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыру үшін өңірлік жол картасы бекітілді, оған 25 жоба кірді. Облыс аумағында Ә.Марғұлан атындағы Археология институты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкерлерімен бірлесіп, ауқымды археологиялық және этнографиялық зерттеулер жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейін, ақтөбелік археологтар 2019 жылы Темір ауданының Тасқопа ауылының маңында алтын бұйымдармен әшекейленген киіммен көмілген сармат көсемінің қорғанын тапты. Бұл жәдігер біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырға жатады. Құнды жәдігер қалпына келтірілгеннен кейін облыстық тарихи-өлкетану мұражайына қойылды.

Өткен жылы Батыс Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы Доңызтау үстіртіндегі көптеген кешендерді егжей-тегжей зерттеді.

Сондай-ақ 22 киелі нысан бойынша виртуалды тур әзірленді, өңірдегі 97 тарихи және мәдениет ескерткішке QR-кодтар орнатылды.

Құралай Байменова — Қазақстанның Тұңғыш Еңбек Ері. Оның мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүддесін қолдауда сіңірген еңбегі осылайша лайықты бағаланды. Құралай Базарбайқызын Елбасының өзі марапаттады. Ол бастаған іс қалай жүргізіліп жатыр?

— Бізде айтарлықтай жетілген азаматтық қоғам қалыптасуда. Үкіметтік емес ұйымдардың белсенді жұмысының жарқын көрінісін облыс әкімінің мүмкіндігі шектеулі адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Құралай Базарбайқызы Байменованың өлшеусіз еңбегінен білуге болады.

Ол 1999 жылы «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау қоғамын» құрды. Осы бірлестіктің ұйытқы болуымен өткізілген ондаған әлеуметтік маңызы бар акциялар жарымжан жандардың өмір сүру сапасын жақсартты. Қоғамда 700 бірінші топтағы мүгедек  адамға жеке көмекшінің қызметін ұсыну үшін «Social Servis» ЖШС, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ететін «Шеберкөл» ЖШС жұмыс істейді. Сонымен бірге  Ақтөбеде  және алты ауданда «Инватакси» қызмет көрсетеді.  «ДАР» еріктілер клубының қоғамдық қабылдау бөлмесі күн сайын мүгедектерді қабылдайды. «Стимул+» жастар клубы жұмыс істейді.

Ақтөбеде арбамен жүретін 73 мүгедек отбасы тұратын екі көпқабатты коммуналдық үй еңсе көтерген болатын. Бұл — бірегей әлеуметтік жоба.

Жоғары сенім

— Облыс әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде ұзақ жыл жұмыс істедіңіз. Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге жұмыс істей жүріп қандай тәжірибе жинақтадыңыз, күнделікті жұмыста оның қандай идеясын қолданасыз?

— Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде он екі жылдан артық қызмет атқардым және бұл жылдарды өмір жолымдағы жемісті бір кезең деп есептеймін. Бұл қызметте мол тәжірибе жинақтадым, игілікті дағдыларға қалыптастым. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде уақытында мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, содан кейін Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарғанымды жақсы жетістігім ретінде ойға аламын. Одан кейін Елбасы сенімімен Ақтөбе облысын басқаруға келдім.

Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті қалыптастырады, өйткені ол кісі тарапынан қойылатын талап та ұдайы жоғары. Сол талапшылдықпен бірге оның ізгілікті ұстанымы міндет жүгін арттыра түседі. Ол кісімен жұмыс істеу барысында ұсақ-түйек деген мүлдем болмайтынын сезіндік.

Мемлекеттік деңгейдегі ойлау ауқымдылығы, табандылық, басқа да ерекше қасиеттері Елбасын Ұлт көшбасшысы деңгейіне көтерді. Тұңғыш Президентпен бірге жүріп ауқымды жаңалықтардың, іргелі істердің куәсі болдым, көптеген тарихи шешімдер мен оқиғалардың қалай өрбігенін көрдім. Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік ұйымының саммиті солардың бастыларының бірі еді.

Мынадай бір жағдай болды. Заңда егер қала тұрғындарының саны миллионнан асатын болса, оның республикалық маңызы бар шаһар болатыны айтылған. Біз Шымкент қаласы тұрғындарының саны осы деңгейге жеткенін білгеннен кейін тиісті материалды әзірледік. Онымен танысып шыққан соң Нұрсұлтан Әбішұлымен арамызда мынадай әңгіме өрбіді:

— Мұнымен не айтқыларың келеді?

— Жаңа әкімшілік-аумақтық аймақ құруымыз керек, — дедік біз.

— Ал жаңа аймақтың орталығы қайда болады?

֫— Біздің ұсынысымыз — Түркістан болса дейміз.

— Мұның да уақыты келді. Бұл туралы мен тоқсаныншы жылдардың басында армандағанмын, бірақ ол уақытта біздің мүмкіндігіміз болған жоқ, ал қазір оған да қол жеткізгендейміз, енді оны орындауымыз керек, — деп тұжырымдады Елбасы.

Көп ұзамай Жарлық та дайындалып, Түркістанда қол қойылды. Қысқа мерзім ішінде барлығы да бұл шешімнің дұрыстығына ден қойды. Еліміздің картасында тағы да бір серпінді дамыған облыс пайда болды. Түркістан Қазақстанның ғана емес, күллі түркі әлемі мойындаған рухани астанаға айналды.

Жаңа жобалар, нақты істер

— Мерейтой жылында облыс алдында қандай міндеттер тұр, атаулы жылды тойлау қалай жоспарланды?

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын елге пайдасы тиетін нақты істермен және жаңа жобалармен қарсы аламыз» деп нықтаған болатын. Сондықтан да пандемияның әсері мен салдарына қарамастан, алдымызға облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру жөнінде міндеттер қойдық.

Айталық, өңірдегі орталық көлік артериясының бірі — Ақтөбе-Қандыағаш автомобиль жолын қайта салу құрылысы басталды. Сондай-ақ облыстық және аудандық маңызға ие 330 шақырымдық автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланды.

Биыл 10 ауылды ауызсумен, 8 ауылды көгілдір отынмен қамтамасыз етеміз. «Ауыл — ел бесігі» арнайы жобасы бойынша болашағы бар 34 ауылда 73 жоба жүзеге асырылатын болады. Облысорталығында 1,1 миллион шаршы метр тұрғынүйнемесе 7400 пәтер салу жоспардатұр.

Кемі 23 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Ал «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 50 мың адам жұмыспен қамтылмақ.

Үш ауысымдық оқытуды жойып, оқушылар арасында орын тапшылығын болдырмау үшін 8 мектептің құрылысы жүріп жатыр, 5 жаңа мектептің құрылысы басталды, сондай-ақ оннан астам білім беру мекемесінің ғимараты күрделі жөндеуден өтеді.

Өңірдегі мерейтой шаралары жоспарына маңызы бар 185 шара енгізілді. Көпшілігі «Қайырымды істер марафоны» акциясы шеңберінде өтеді. 84 әлеуметтік-мәдени  нысан мен бизнес-жоба ашу жоспарланып отыр. Мысалы, «Алаш» қозғалысы қайраткерлеріне арналған «Азаттықтың ақ таңы» мемориалды композициясы тұрғызылмақ. Ал «Тәуелсіздікке тағзым» акциясы шеңберінде жалпы мөлшері бір миллиард теңгеге жуықтайтын 410 жобаны жүзеге асыру жоспарда тұр.

Басқару орталығы

Оңдасын Оразалинмен кездесу облыстық әкімдіктің ситуациялық орталығында өтті.

— 2019 жылы облыс әкімі болып тағайындалғанымда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қарқыны бойынша республикалық рейтингте соңғы орында тұрғанбыз. Талдау нәтижелері ұйымдастыру жұмыстарының әлсіз тұсын, материалды-техникалық базаны нығайту және қосымша қаржыландыру қажет екендігін көрсетіп берді. Облыстағы процесті күні-түні басқаруға мүмкіндік беретін ситуациялық орталық құрдық. Тұрғындар қауіпсіздігі әрі шұғыл қимылдау үшін көшелерде, мектеп маңында, көпқабатты тұрғын үй подъездерінде не болып жатқанын көру мақсатында күн сайын камераларды көбейтіп жатырмыз. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында жиі көтерілетін мәселелер — аумақты қоқыстан тазарту мен қоғамдық көлік қозғалысы. Өңірдің жүйелі дамуы үшін бұған барлық стратегиялық индикаторлар — мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар, NurOtan партиясының сайлауалды бағдарламасы тартылады.

Бұдан шығатын қорытынды: жағдайды алдын ала болжап, қажет болса шешу жолдарын нақтылап, айқындауымыз керек. Осы мақсатта облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы барлық бағыттар жөніндегі мәліметтер базасын құруды 1 шілдеге дейін аяқтау туралы тапсырма бердім. 

Сұхбаттасқан Жанат СИСЕКЕНОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button