Мереке

Азамат ұмыт қалмасын

Осыдан бір жыл бұрын әлемге келген зұлмат, алапат індет елімізге де келді. Пандемия кезіндегі елдің сенері де, сүйенері де дәрігерлер болды десек, бұл ойымызға ешкім қарсы келе қоймас. Күн-түн демей адам жанының арашашысы болған дәрігерлердің еңбегін халық іштей де, сырттай да мойындады.

Міне, осындай адамзатқа жанашыр ақ халатты жанның бірі — дәрігер-хирург Асқар Абилов. Дәрігерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында ол туралы азды-кем сөз қозғасақ дедік.Арамыздан шыққан асылымызды өзіміз ардақтамасақ, өзіміз елеп-ескермесек, кім қадірлеуі мүмкін?

Асқар Нұрмұханбетұлы 1949 жылы 23 шілдеде Темір қаласында дүниеге келген.1966 жылы Темір қазақ орта мектебін бітірген соң, 1969 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтына түсіп, оны 1975 жылы хирург мамандығы бойынша бітіріп шығады. Еңбек жолын 1975 жылы облыстық ауруханада бастап, 1976-1978 жылдары Темір аудандық ауруханасында жалғастырған. 1978-1987 жылдары облыстық аурухана жанындағы санитарлық авиацияда жедел қызмет көрсету жұмысын атқарды.

1987-1994 жылдары Ақтөбе ауданының аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі, 1994-2009 жылдары осы аурухананың бас дəрігері болып қызмет атқарған. 2009 жылы аурухананың жабылуына байланысты «Экспресс» автовокзалына директор болып ауысты.

Ұзақ уақыт денсаулық сақтау саласында еңбек еткен дәрігердің жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай. Ол — жоғары дəрежелі хирург, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі. Бірнеше төсбелгінің иегері. Асқар Нұрмұханбетұлы туралы 1983 жылы «Актюбинский вестник» газетіне «Возвращение к жизни» атты мақала да жарияланған болатын. Сондай-ақ 2017 жылы ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігінен  «Үздік автокөлікші» төсбелгісін тақты.

ЗайыбыРайхан екеуі балаларына дұрыс тәрбие беріп, немере өсіріп отырған үлгілі отбасы.

Асқар туралы жерлестері қуанада, мақтана да айта алады.Біз де оны кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріне саулық тілейміз.

 Тұрғаналы МАСИНОВ, зейнеткер ұстаз,

Құрманғали ИСТЛЕУОВ, зейнеткер-мұнайшы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button