Мәдениет

Қазақ бесікке үкіні не үшін ілген?

Үкі баланың тыныштығын сақтайды, баланы қорғап тұрады деген сенім бар. Бұл —ырым. Бұған тек жат ағым өкілдері ғана емес, көкірегі ояу, көзі ашық, дінге бет бұрған азаматтар да «Алла қорғамаған баланы қайдағы бір үкі қорғай ма?»деп күмәнмен қарайды. Осындай жағдайды көріп отырып, бүгінгі қоғамға қазақты зерттейтін бір институт керек пе деп қаласың.

Үкінің қауырсынын бесікке ілу — баланы белгілі бір тылсым күштен не келе жатқан сәтсіздіктен қорғай алмайды, бірақ кезінде қазақ көші-қонда жүріп, керегені, туылдырықты түріп қойған кезде даладағы жылан, тышқан секілді жәндіктер бесіктегі балаға жармасып, мазасын алмасын деп ілген. Себебі үкі жылан мен тышқанды жейтін құс. Яғни үкінің иісі шығып тұрса бұл жәндіктер үйге келмейді.

Осылай сол институт ғылыми түрде дәлелдеп берсе, жат ағым өкілдері де және дінге бет бұрып келе жатқан інілеріміз, қарындастарымыз да түсіністікпен қарар еді. Осылайша өз ұлтымыздың сондай данышпандығын, даналығын, білімділігін сезінер едік.

(Пікір этнограф С.Алдашбаевтың әңгімесінің желісінде жазылды).

 Мақсат МҰРАТҰЛЫ,

Ақтөбе қаласының дін мәселелері

және қоғаммен байланыс жөніндегі

 орталықтың басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button