Басты бет » Басты жаңалықтар » Ынтымақтастық келісімі жасалды

Ынтымақтастық келісімі жасалды

Ақтөбе облысының әкімдігі, ҚР Ауыл шаруашылығы ардагерлерінің кеңесі және «Ардагерлер ұйымы» РҚБ облыстық филиалы ынтымақтастық меморандумына  қол қойды. Шараға мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық бірлестік өкілдері мен кәсіподақ ұйымдары қатысты.

Құжатқа облыс әкімі Оңдасын Оразалин, ардагерлер кеңесінің басқарма төрағасы Қадырхан Отаров және ардагерлер ұйымы филиалының төрағасы Серік Шаңғұтов қол қойды.

Меморандум бірлескен бағдарламалар мен жобалар жасауға және ауыл шаруашылығын дамыту, шаруалардың өзекті мәселелерін шешу, ауыл еңбеккерлерінің еңбек құқықтарын қорғау, ауылшаруашылығы саласындағы мамандарды даярлау және тағы басқа бағыттағы бірлескен шараларды өткізуге мүмкіндік береді.