Жаңалықтар

Жастарды баспанамен қамту мәселесі талқыланды

Nur Otan партиясы облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Қоғамдық кеңестің төрайымы Бақыт Молдабаеваның төрағалығымен өткен отырыста жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларын шешу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды құру мәселесі қаралды.

Отырыстың барысында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Елеусіз Нұрғалиев, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің 1-санатты маманы Мақсат Зайытов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бас маманы Әсия Ізтұрған жастарды тұрғын үймен қамту мәселелеріне байланысты баяндама жасады.

Бұдан кейін қоғамдық кеңестің мүшелері жастарды баспанамен қамтуға байланысты қарастырылған мүмкіндіктер туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Отырыс соңында алдағы уақытта облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы тарапынан тұрғын үй кезегінде тұрғандардың арасынан жастардың санын анықтау, жас отбасыларды қолдауға арналған тиімді өңірлік бағдарлама әзірлеу, т.б. ұсыныстар айтылды.

 Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button