Жаңалықтар

Ұстаздар аллеясы салынып жатыр

Қызылжар селолық округіне қарасты Шеңбертал ауылында Ұстаздар аллеясы салынып жатыр.

Жобаның авторы — ардагер ұстаз, ауылдың ақсақалы Аманғос Ызашұлы.

40 жылдан астам ұстаздық еткен ардагер ауданнан шыққан ағартушы-ғалым, елге танымал ұлағатты ұстаздарды ұлықтау мақсатында осы жобаны қолға алыпты.

Қазір аллеяның жан-жағы қоршалып, ағаш егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы ауданы 1140 шаршы метр болатын аллеяға Ыбырай Алтынсарин, Шахмұрат Құлыбеков, Бәймен Алманов сияқты ауданда мектеп ашып, білім саласының дамуына еңбек сіңірген 30-ға жуық тұлғаның ескерткіш-бюсті орнатылмақ. Сондай-ақ аллеяға брусчаткалар төселіп, орындықтар қойылады.

Осы жобаны жүзеге асыруға қолдау білдіріп жатқан аудан әкімшілігіне, Қызылжар селолық округінің әкіміне, ауыл тұрғындарына ризашылығымды білдіремін. Қазір әкімшіліктің бастамасымен аллеяны жасақтауға жұмыс күші жұмылдырылып, ағаш егіліп жатыр. Саябақты абаттандыру үшін ұңғыма қазып жатырмыз. Ауыл халқы да өз үлестерін қосуда. Ал ескерткіш орнатуға белгілі тұлғалардың ұрпақтары мен осы өңірден шыққан жомарт жандар демеушілік етеді. Жоба жүзеге асса, бұл ұстаздарға деген үлкен құрметтің белгісі болмақ. Бұл бастамамыз — болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге, — дейді ардагер ұстаз.

Бұған дейін ауданда ұстаздар қауымына арналған мұндай аллея салынған жоқ. Жоба биыл күзге дейін аяқталмақ.

Д.ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button