Мәдениет

Өнер қызметкерлері тәжірибе алмасты

2-4 маусым күндері Ақтөбе қаласында «Қазіргі әлемдегі этно-фольклорлық өнер» және «Мәдениет саласындағы менеджмент» тақырыптары бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен өткізілген танымдық шараға өңірдегі сала мамандары, жастар қатысты.

Семинар-тренингті облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал жиналғандарға Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының директоры, өнертану ғылымдарының магистрі, «Тұран» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің мүшесі Серік Нұрмолдаев көрген-білгенімен бөлісті.

Үш күнге созылған басқосу барысында мәдениет саласындағы менеджмент, басшылар мен қызметкерлердің мінез-құлқы, тиімді командаларды қалыптастыру, сондай-ақ көшбасшылық, басқару стильдері, ынталандыру, т.б. туралы айтылды.

Облыс бойынша аталған шараға қатысқан 280 қызметкерге соңында арнайы сертификаттар табысталды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button