Мәдениет

Иринаның көрмесі

Облыстық өнер музейінде «60*60» атаумен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, белгілі қылқалам шебері Ирина Құрманалинаның жеке көрмесі өтіп жатыр. Мұнда өнер иесінің 60-тан астам туындысы қойылған.

— Ирина — кескіндеме өнерінде қолтаңбасы қалыптасқан, тәжірибесі мол жан. Дарын иесінің әр жұмысы бір-біріне ұқсамайды. Сол арқылы оның ізденімпаз екенін байқауға болады.

Оқырмандар арасында «Көрмені неге бұлай атаған?» деген сұрақтың туындауы заңды. Басты себеп — суретшінің биыл 60 жас мерейтойы. Барлығы 60-тан астам жұмыс ұсынылды. Әрі бұл жерден келушілер автордың соңғы 20 жылда жарыққа шығарған өлеңдерін оқи алады, — дейді  облыстық өнер музейінің қызметкері Іңкәр Әлібекова.

Шынымен музейден суретші әрі оқытушының сан алуан жұмыстарын тамашалауға болады. Мұнда табиғат көріністері, портрет, бейнелеу өнерінің басқа да түрлері қамтылған. Қағаз бетінде әдемі түстерді үйлестіре білген қылқалам шеберінің картиналары әртүрлі ойға жетелейді… Әрқайсысы — бір әлем.

Германия, Ресей, Қытай, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, басқа да мемлекеттерде ұйымдастырылған ұжымдық көрмелерде жұмыстары қойылған  Ирина Құрманалинаның көрмесі маусым айының ортасына дейін жалғасады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button