Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

«Рика» телеарнасында өткен кезекті тікелей эфирде облыстық мәслихат депутаттары Гүлжанат Ерғазина, Асқар Садықов және облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Фархад Сансызбай облыста ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелерін талқылады.

Тікелей эфирде депутаттар өңірде осы салада жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Ақтөбе қаласы мен аудан тұрғындарын субсидия беру, шаруа қожалықтары мен фермерлерге берілетін жеңілдетілген несие, мемлекеттік бағдарламалардың шарттары, т.б. мәселелер қызықтырды. Сондай-ақ, тікелей эфирде аграрлық секторды цифрландыру және ауылдарды дамытудың тиімді технологиялары туралы да сөз қозғалды.

Эфир жақсы өтті, ақтөбеліктерді ауыл шаруашылығы мәселелері қатты қызықтыратыны қуантады. Қазіргі таңда экономиканың бұл секторы қарқынды дамып келеді және мемлекет оған мұқият назар аударып, сүт және мал шаруашылығы бағытында түрлі субсидиялау, жеңілдетілген несие беру бағдарламаларын ұсынып отыр, — деді облыстық мәслихат депутаты, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Гүлжанат Ерғазина.

Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button