Білім

331 түлектің үміті 

Темір ауданындағы орта мектепті биыл 396 оқушы тәмамдады. Соның 331-і Ұлттық бірыңғай тест тапсырмақ. 

Темір аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Светлана Қарабалинаның айтуынша, темірлік жігіттер мен қыздар қалауына қарай Ақтөбе қаласы мен Байғанин ауданында ұлттық білім сынағынан өтпек. Олардың кейбірі екі кезеңнен тұратын тестілеуден өтіп, жоғары оқу орындарына құжаттарын тапсырғалы жатыр. Айталық, бүгінге дейін ең жоғары балды Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының түлегі жинаған. Ол 140 сұрақтың 126-сына дұрыс жауап беріпті. Ауданның бас педагогі білім бәсекесін тапсыратындардың әлі көптігін, бұдан да жоғары нәтижеден үмітті екенін айтады. Ең бастысы, жастардың қауіпсіздігіне баса мән берілген. «Барлық санитарлық талаптар қатаң сақталып отыр», — деді ол.

Жалпы, ауданда 26 мектеп бар. Білім ордаларында барлығы 7316 оқушы тіркелген. Аудан әкімі Саламат Аманбаев бастаған топ жуырда мектептердің жай-күйін тексеріп, келесі оқу жылына дайындықты пысықтады. Онда білім мекемелерінің жаңа жылыту маусымына әзірлігі, материалдық-техникалық базасы қаралды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button