Жаңалықтар

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 03 маусымындағы №ПГСВ-22 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулысы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 2 және 3 тармақтарын, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68, 03.06.2021 жылғы №26 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 03 маусымындағы №ПГСВ-22 «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» қаулысына (әрі қарай- №ПГСВ-22) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

1) №ПГСВ- 22 қаулысының 1-қосымшасындағы 21, 22, 25, 28, 32, 34, 35, 36, 37, 38, 43, 45, 46, 47, 49  тармақтарында ««ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.05.2021ж. №22 қаулысына сәйкес жұмыс істейді» деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

– ««ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес жұмыс істейді»;

2) №ПГСВ-22 қаулысының №1 қосымшасындағы 15, 39, 40 -тармақтарына өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін және мынадай редакцияда жазылсын:

15 Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.)

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 11 және 17-қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын қонақ үйлер, отельдер Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

39 Цирктер Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 9-қосымшасының талаптарын сақтап, толымдылығы 30% -дан аспағанда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

40 Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалар) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 45-қосымшасының талаптарын сақтап, толымдылығы 30% -дан аспағанда, бірақ 50 адамнан аспайтын жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.06.2021ж. №26 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

2. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:

1) БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы халықты жаппай хабардар етуді;

2) өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды қамтамасыз ету.

3. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                           Н.А. Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button