Жаңалықтар

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Қаулысы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 2021 жылдың 27 мамырынан бастап Ақтөбе облысы жасыл аймақта, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 2 және 3 тармақтарын, Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68, 22.05.2021 жылғы №22 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы «МК Ақтөбе бөлімшесі» филиалының директорына, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына қамтамасыз ету:

1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттар критерийлерін іске асыру және кәсіпкерлік объектілерінде «ASHYQ» мобильдік қосымшасының жобасын енгізу арқылы жүзеге асыруды.

Бұл ретте, шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай 5 күн ішінде күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызылға» көшу) жүргізіледі, карантиндік шараларды жеңілдету «сары» аймаққа «қызылдан» немесе «жасыл» аймаққа «сары» аймақтан ауысқаннан кейін 7 күннен кейін жүргізіледі;

2) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 45 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, ашық ауадағы аквапарктердің қызметіне рұқсат беруді;

3) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 16 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жағажайлардың жұмысына рұқсат беруді;  

4) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68 қаулысының 3 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) күндізгі режимде өткізуге (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) рұқсат беруді;

5) бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада кинотеатрлардың жұмысына рұқсат беруді;

6) Ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру) рұқсат беруді;

7) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;

8) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысына (оның ішінде тез дайындалатын тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофені, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің) рұқсат беруді;

9) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 21, 22 қосымшаларындағы талаптарды сақтай отыра авто-экспресс (алып кетуге арналған тамақ) жұмысына рұқсат беруді;

10) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 27 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы арасында COVID-19 таралу қаупін азайту жөніндегі алгоритмді сақтауды;

11) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 12 қосымшасына сәйкес, әуежай, теміржол және автомобиль вокзалдарының жұмыс істеу алгоритмін сақтауды;

12) қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата бетперделерін міндетті түрде тағу, мыналарды қоспағанда:

– бес жасқа дейінгі балаларды;

– қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып тамақ ішкен жағдайда;

13) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайға, теміржол вокзалдары мен автовокзалдарға, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға, аялдама павильондарына, үйлердегі кіреберістер мен лифтілерге, ауладағы балалар алаңдарына және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізуді күшейтуді.

2. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының білім басқармасына, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 47 қосымшасы талаптарын қатаң сақтай отырып, жұмыс істеуін қамтамасыз етсін:

1) ата-аналардың өтініші бойынша сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын барлық сынып оқушылары үшін жазғы мектептерде оқытуды;

2) арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға), жалпы типтегі мектеп-интернаттар және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар;

3) орта және жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуға рұқсат беруді.

3. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының полиция департаментіне, Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшыларына:

мониторингтік топтарымен объектілер мен қоғамдық көліктерде күндізгі және түнгі уақытта шектеу карантиндік шараларының орындалуына бақылау күшейтілсін.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда 2014 жылғы 05 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын.

4. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы қамтамасыз етсін:

1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілеріне кіретін адамдардың  дене температурасын өлшеуді, ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілеріне күдікті барлық тұлғаларды «фильтр» арқылы қабылдауды,стационардың қабылдау бөлмінде пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлек қабылдауды жәнекүшейтілген  дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды;

2) ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38 бабының 15 тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі лауазымды адамдардың құқықтары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен мамандарды тарту қағидаларына сәйкес халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары, уланулары кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға Денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тартуды.

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына коронавирус инфекциясының ошақтарында лифтілерді, баспалдақ алаңдарын және лифтіге дейін және лифтіден кіреберістен шығуға дейінгі марштарды қамти отырып дезинфекциялауды; лифтілер болмаған кезде – КВИ-мен ауыратын науқастың пәтерінен кіреберістен шығуға дейінгі баспалдақ алаңдары мен марштарды қорытынды дезинфекция жүргізу кезінде 1 рет дезинфекциялауды қамтамасыз ету.

6. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасына:

1) БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы халықты жаппай хабардар етуді;

2) өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыру.

7. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

8. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 мамырындағы №ПГСВ-19 (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 26.05.2021 жылғы №ПГСВ-21) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

9. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

10. Осы қаулы 2021 жылғы 4 маусымы сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                        Н.Беркімбаева

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

03.06.2021 жылғы

№22 қаулысының

1 қосымшасы

Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды беру өлшемдері

Объектілер/ салалар Жасыл аймақ
1.          Өнеркәсіптік объектілері, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын.

           Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын кәсіпорын басшылары қызметкерлерін CОVID-19 анықтау үшін ПТР әдісімен зертханалық тексерілуге бақылауды қамтамасыз етсін және вахтадан(ға) шығуға/кіруге теріс нәтижесімен немесе COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжаты болған жағдайда рұқсат  етсін.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған шұғыл қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда) ПТР әдісімен CОVID-19 анықтауға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі болған кезде немесе COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжаты болған жағдайда вахталық кенттерге кіруді жүзеге асырсын

Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының  25, 28 қосымшаларындағы талаптарды сақтаумен шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
2. Құрылыс Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 28-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

3. Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 13-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

4. Байланыссыз қызметтер (техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, вулканизация, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу,тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, типографиялық қызметтер, кілттерді дайындау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және т. б.) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы  25 желтоқсандағы №67 қаулысының 6, 7, 10-қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

5. Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.)

 

бетперде тәртібін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
6. Гүл дүкендері, фотосалондар бетперде тәртібін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

7. Медициналық ұйымдар, дәріханалар күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
8. Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялық клиникалар күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша рұқсат етіледі.
9. Мұражайлар, кітапханалар Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 9-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

10. Балалардың түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 19-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
11. Сұлулық салондары, шаштараздар және косметологиялық қызмет көрсететін объектілері Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 7-қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
12. Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Жеткізу қызметтеріне рұқсат етіледі.
13. Ашық базарлар (азық-түлік, мал, азық-түлік емес) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
14. Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
15. Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.)

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 11 және 17-қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
16. Қоғамдық көлік Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 15-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, штаттық кестесінде жұмыс істеуге рұқсат етіледі, кептеліс уақытында қоғамдық көліктің желіге барынша көп шығуы, отыратын орындардың саны бойынша қоғамдық көліктің толтырылуы, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қол жетімді жерлерде тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, жолаушылардың, жүргізушілердің және кондукторлардың бетперделерін міндетті түрде киюі.
17. Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 1-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
18. Мектепке дейінгі мекемелер Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 14-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, топтарды біріктіре отырып, іс-шаралар өткізбей жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
19. Ұйымдар, офистер Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 1-қосымшасының талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі, бұл ретте қызметкерлердің 30% – ы қашықтық режимде, 70% – ы күндізгі режимде қалады.

Ұйымдар, офистер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

20. Діни объектілері

 

Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу, бетперде режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 20-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жабық үй-жайларда толтырылуы 30% – дан аспайтын, бір адамға кемінде 4 шаршы метр алаң қамтамасыз етілген жағдайда рұқсат етіледі.

21. Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 07.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.05.2021ж. №22 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы 67 қаулысының 22-қосымшасының талаптарын сақтаған кезде  тамақ жеткізу жөніндегі қызметтерге рұқсат етіледі.

22. Жазғы алаңдар Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, сағат 07.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.05.2021ж. №22  қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

23. Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуге (тәулік бойы)  рұқсат етіледі.
24. Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
25. Фудкорттар

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 5, 22-қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, тамақты шығаруға және жеткізуге ғана рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.05.2021ж. №22  қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

26. Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сататын дүкендер

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.
27. Моншалар

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 16-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
28. Сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 16-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.05.2021ж. №22  қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

29. Қала маңындағы жолаушылар пойыздарының /электр пойыздарының қозғалысы Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 12-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.
30. Жолаушылар поездарының қозғалысы Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 12-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.
31. Қалааралық, облысаралық және облысішілік тұрақты автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 12-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.
32. Жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес клубы, соның ішінде йога орталықтары Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 8-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.05.2021ж. №22 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

33. СОО, сауда үйлері, сауда желілері Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтап, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
34. Мәдениет объектілері (дайындық) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 9-қосымшасының талаптарын сақтап, 50 адамға дейін дайындық жүргізуге рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.05.2021ж. №22 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

35. Кинотеатрлар, театрлар, филармониялар, концерт залдары Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 9-қосымшасының талаптарын сақтап, толымдылығы 30% -дан аспағанда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.05.2021ж. №22 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

36. Бильярд Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 39-қосымшасының талаптарын сақтап, толымдылығы 30% -дан аспағанда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.05.2021ж. №22 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

37. Компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтары (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 39-қосымшасының талаптарын сақтап, толымдылығы 30% -дан аспағанда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.05.2021ж. №22 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

38. Боулинг клубтары Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 39-қосымшасының талаптарын сақтап, толымдылығы 30% -дан аспағанда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.05.2021ж. №22 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

39. Цирктер Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 9-қосымшасының талаптарын сақтап, толымдылығы 30% -дан аспағанда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
40. Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалар) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 45-қосымшасының талаптарын сақтап, толымдылығы 30% -дан аспағанда, бірақ 50 адамнан аспайтын жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
41. Ашық ауадағы аттракциондар Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 45-қосымшасының талаптарын сақтап, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
42. Балаларды сауықтыру ұйымдары

(мектеп жанындағы, қала сыртындағы лагерьлер)

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 18-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

 

43. Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 44-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, толымдылығы 20% – дан аспағанда жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.05.2021ж. №22 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

44. Еске алуды өткізу Толтырылуы 30% – дан аспайтын, бірақ 50 адамнан аспайтын жағдайда рұқсат етіледі.
45. Банкет залдары Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21-қосымшасының талаптарын сақтай отырып,

толымдылығы 30% – дан аспайтын, бірақ 50 адамнан аспайтын кезде тек еске алу үшін жұмыс істеуге рұқсат етіледі

 «ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.05.2021ж. №22 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

46. Караоке Тыйым салынады, Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.05.2021ж. №22 қаулысына сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда.
47. Түнгі және ойын клубтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілері жанындағы), букмекер кеңселері, лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар

 

Тыйым салынады, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 22.05.2021 ж. №22 қаулысына сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын лоторея клубтары және лотерея сататын өзге де орындарды қоспағанда.
48. Адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, митингілер, шерулер, жиындар, ойын-сауық, мерекелік, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізу Тыйым салынады

 

49. Көрмелер Тыйым салынады, Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22.05.2021ж. №22 қаулысына сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button