Спорт

Нұржан — Азия кубогының жеңімпазы

Жақында Алматы қаласында белгілі спорт қайраткері Бекет Махмұтовты еске алуға арналған жастар, жасөспірімдер мен қыздар арасында дзюдодан Азия кубогы өткен болатын.

Халықаралық Дзюдо Федерациясының «IJF» күнтізбесіне сәйкес өткізіліп отырған әлемдік додаға 81 кг салмақ дәрежесінде Қарғалы ауданы Бадамша балалар жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Нұржан Бисенов қатысты. Бұл жарыста Нұржан өз салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты. Осылайша жерлесіміз шілде айында Макао мемлекетінде өтетін Азия чемпионатының жолдамасына ие болды.

Бұл жеңіс — спортшыны баулыған Бадамша балалар жасөспірімдер спорт мектебінің  дзюдо бөлімі жаттықтырушыларының ерен еңбегі. Соның ішінде чемпионның жеке бапкерлері Игелман Исангулов пен Арман Ахметтің қосқан үлесі зор.

Ауылына жеңіспен оралған спортшыны әріптестері мен жанкүйерлері қуанышпен қарсы алып, жүрекжарды игі тілектерін арнады.

Кәмшат БАЙХАНОВА,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button