«Ақтөбе — құтты мекен»Басты жаңалықтар

Қала күні тойланды

 

Ақтөбе қаласының 152 жылдығы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесімен басталды. Жәрмеңке «Табыс» коммуналдық базарында, Тұрғындар қалашығы, «Нұр Ақтөбе» аудандарында және «Рамазан» серіктестігінің  дүкендерінде ұйымдастырылды. Мұнан кейін шаһардың бірқатар бөлігінде спорттық жарыстар өтті.  Ашық аспан астында өткен шараларға спортшылар белсене қатысты.

Қала күніне арналған ауқымды және түрлі мерекелік бағдарламалар түстен кейін өтті.

«Ақтөбе — алтын бесігім» тақырыбында еркін форматта өткен концерттік бағдарламалар қаламыздағы «Авиатор», «Денсаулық», «Ғашықтар» саябақтары мен сулы-жасыл бульварда, облыстық халық шығармашылығы орталығы алаңы мен «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында өтті. Алаңдарда қала тұрғындары көңіл көтеріп, ән тыңдап, бір серпіліп қалды. Ал Арбатта өткен гитара патиде жастар қазір «сәнге» айналған, ырғақты әрі көңілді әндерді орындап берді.

Мерекеде «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алаңында велошеру ұйымдастырылып, «Триатрон» паркінде жүгіруден жарыс өтті. Қала тұрғындары бұл жарыстарға да белсене қатысты. Желаяқтар желдей есіп, жеңістерін сүйікті қаласына арнады.

Кешқұрым Тұңғыш Президент атындағы саябақта өткен «Ақтөбе — махаббатым менің!» атты мерекелік шарада өнер ұжымдары мен өнерпаздар әннен шашу шашып, қала қонақтары мен тұрғындарына керемет көңіл күй сыйлады.

Концерттік бағдарламалар аясында эстрадалық үрлемелі аспаптар оркестрі мен «Ақтөбе» вокалды аспаптар ансамблі халық әндері мен белгілі сазгерлердің шығармаларын орындады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button