Білім

Қарғалыдан ұшқан түлектер 

25 мамыр күні аудандағы 11-сыныпты тәмамдап жатқан 115 оқушы үшін соңғы қоңырау соғылды. Түлектер осымен екінші жыл қатарынан мектеппен қоштасу кешін бұрынғыдан басқаша өткізіп отыр. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығы салдарынан салтанатты шаралар ашық алаңда, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды.  

Бадамшадағы №1 орта мектебін 15 оқушы бітірді. Соңғы қоңырау шарасына тек 9, 11-сынып оқушылары ғана қатысты. Мектеп директоры Н.Қожақова оқушыларды үлкен өмірге шығарып салып тұрып, алдағы  емтихандардан сүрінбей өтулеріне тілектестігін білдірді:

Түлектер арасында екі оқушымыз «Алтын белгіден» үміткер.

Адина Шаметова және Валерия Кузьмина ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде өз білімдерін дәлелдейтін болады. Сонымен бірге бірнеше оқушымыз аудандық, облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары. Барлық оқушылар мемлекеттік емтихан тапсыруға жіберілді. Сәттілік тілеймін, — деді ол.

Мерекелік шара дәстүрлі мектеп вальсімен  аяқталды.

Виктория ЮСУПОВА,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button