Ауыл

Құмсайға су тартылып жатыр

Құмсайлықтар енді құдықтан қауға шелекпен су тартып, битонмен су тасымайды. Себебі ауылға орталықтандырылған су құбыры тартыла бастады.

150 үйлі ауылға су жүйесін тарту жұмыстарын «Дәнекер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жүргізуде. Жалпы су жүйесінің ұзындығы — 9 шақырым. Серіктестік мамандары ауылға су құбырын жеткізу жұмыстары жыл аяғына дейін толық аяқталады деп отыр.

Жалпы жұмыстың сапалы және уақтылы жүргізілуі Мұғалжар ауданының әкімдігі, Nur Otan партиясы Мұғалжар аудандық филиалы және Құмсай ауылдық қоғамдық кеңесінің бақылауында болады.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button