Спорт

Санжар — Азия кубогының жеңімпазы

14-16 мамыр күндері Алматы қаласында Бекет Махмұтовтың құрметіне арналған жастар мен жасөспірімдер  арасында дзюдодан Азия кубогы өтті.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізілген дүбірлі додаға Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Санжар Әли қатысты.

50 келі салмақта ел намысын қорғаған Санжар татами үстінде төрт белдесу өткізіп, барлық қарсыластарына шеберлігін көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Сөйтіп, Нұрсұлтан Иманғазиннен тәлім алып жүрген Санжар шілде айында Макао мемлекетінде өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button