Спорт

Бір үйден шыққан екі спорт шебері

Тоғызқұмалақ

Павлодар қаласында өткен жастар чемпионатында Қарғалы ауданындағы спорт мектебінің түлектері апалы-сіңлілі Мөлдір және Баян Серікқыздары жеңіске жетті.  Мөлдір жарыстың блиц түрінен қола жүлдеге ие болса, Баян классикадан чемпион атанды.

Олар Павлодардан орала сала Ақтөбе қаласында өткен кезекті командалық әйелдер чемпионатына да қатысып, тағы да жеңіске жетті.

Еліміздің әр өңірлерінен жиналған 12 команда арасында өткен жарыста Ақтөбе құрама командасы тұңғыш рет ҚР чемпионы атанды. Команда құрамында Мөлдір мен Баян да ойнаған болатын. Федерациясы талаптарына сәйкес Баян Серікқызы ҚР спорт шебері атанды. Баян ауданнан шыққан тоғызқұмалақтан алғашқы спорт шебері емес, Мөлдір бұл атаққа екі жыл бұрын қол жеткізген еді.

Апалы-сіңлілі қос қыз тоғызқұмалақ ойынын бастауыш сыныптарда алғашқы бапкері Серік Қуатбаевтан үйренген еді. Кейін Ақтөбе қаласына таксимен қатынап, тоғызқұмалақ жаттығуларына қатысып жүрді. Одан соң шеберліктерін шыңдау, үздік нәтижеге жету мақсатында олар Нұрбек Қабиев, Диана Кенина сияқты білікті бапкерлерден тәлім алды. Тәуекел мен табандылық текке кеткен жоқ. Бүгінде екеуі де ҚР спорт шебері, ҚР әйелдер және жастар құрама командаларының мүшелері. Мөлдір төрт дүркін, Баян екі дүркін ел чемпионы. Бүгінде спорт федерациясының жалпы рейтингінде қыздар арасында Мөлдір 2442 ұпаймен оныншы сатыда тұрса, Баян 2314 ұпаймен елу бірінші орында келеді.

 Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button