Ауыл

Жұрын ауылына газ тартыла басталды

Жыл соңына дейін Жұрын ауылына көгілдір отын барады. Қазіргі таңда ауылға газ құбырын «ƏлияСервис» ЖШС тартып жатыр.

Жұрын ауылдық округінің әкімі Рамазан Үргенішбаев газ тарту жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталып, әуелгі кезекте ауылдағы мектеп, медициналық пункт, балабақша жəне жеке тұрғын үйлер газбен қамтылатынын айтты.

290 үйлі Жұрында 1334 тұрғын бар. Былтыр бұл ауылда бірқатар еңселі істер атқарылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 3 көшеге асфальт төселіп, ауыл мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Округ әкімінің айтуынша, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес енді Жұрын ауылының 4 көшесіне асфальт төсеу және Жұрын ауылдық Мəдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда тұр. Сонымен қатар ойын алаңын жəне көше бойына жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу көзделіп отыр.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button