ЖеңісМереке

Майдангерлер құрметке бөленген күн

Жеңіс күнінде облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова мен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов Ұлы Отан соғысының ардагерлері Шайдулла Қажығалиев пен Николай Пащенконың үйіне барды.

Ардагерлерді Жеңістің 76-шы көктемімен құттықтаған Бұлбұл Елеусінова облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің құттықтау хатын жеткізіп, сый-сияпат ұсынды.

— Ерлік — елге мұра, ұрпаққа үлгі. Оқ пен оттың арасында жүріп, бізге сыйлаған бейбіт өмірлеріңіз үшін кейінгі ұрпақ сіздерге мәңгі қарыздар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, — деді облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова өз сөзінде.

Ардагерлер де көрсетілген ілтипатқа риза болып, алғысын білдірді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button