Жаңалықтар

Департамент басшысы тағайындалды

Тағайындау

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен  Әділет Отарбаев Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы болып тағайындалды.

Әділет Отарбаев Жамбыл облысы Тараз қаласында  дүниеге келген. Ұлты — қазақ.

1998 жылы Жамбыл қаласындағы №29 орта мектепті аяқтаған.

2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін кеден ісі мамандығы бойынша бітірген.  Сондай-ақ М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанындағы әскери кафедраны тәмамдаған.

2006 жылы келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылған. Содан бері бүгінге

дейін офицерлік лауазымда әскери қызмет етіп келеді.

Үйленген, үш баласы бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button