Жаңалықтар

Сый-сияпат ұсынды

Nur Otan  партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы бойынша «30 игі іс» аясында  Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, олардың жесірлерін, тыл ардагерлерін Жеңіс мерекесімен құттықтау шаралары ұйымдастырылды.

8 мамыр күні «Жас қанат» жастар қанаты өкілі Бақыт Молдагереева, Ақтөбе іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Күлшат Масалимова бастаған жастар мен кәсіпкерлер 17 Ұлы Отан соғысы ардагерін, 15 тыл ардагерін құттықтады. Олар қарттарға сый-сияпат ұсынып, ізгі тілектерін арнады. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония камералық оркестрінің әншілері ардагерлерге музыкалық ән шашуын тарту етті. Соғыс және тыл ардагерлері жастарға бүгінгі бейбіт күннің қадірін түсініп, ел болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырды.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button