Жаңалықтар

13 мың тонна қоқыс шығарылды

Санитарлық тазалық жұмыстары Темір ауданында да өтіп жатыр. Бұл күндері барлық елді мекенде әктеу, түрлі қалдықтарды жинау қарқынды түрде жүргізілу үстінде.

Аудан əкімі Саламат Аманбаевтың қаулысына сəйкес 10 сəуір-10 маусым күндері аралығында 2 айлық санитарлық тазалық жəне абаттандыру жұмыстары өз бастауын алды. Осыған
орай аудандағы барлық елді мекендерде сенбілік, «Таза бейсенбі» акциясы апта сайын ұйымдастырылып жүр. Мұндай жұмыстарға, әсіресе, аудан орталығы мен ауылдық округтердегі мекеме басшылары жəне қызметкерлері белсенді қатысып жатыр.
Айталық, бүгінге дейін акцияға 1500-ден астам адам атсалысып, 13 мың тонна қоқыс шығарылған. Барлығы 8 гектар аумақ тазартылыпты.
— Мұндай экологиялық акциялар оң бастама деп білемін. Өйткені қазіргі таңда адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасы соншалықты жақсы емес. Табиғатты аялауға атүсті қарайды. Бұл — ғаламдық проблема. Сондықтан сенбілікке қуана қатыстым. Өзгелер де осындай іске құлшына кіріссе екен деген тілек бар.
Елімізді бірге көріктендірейік! — дейді аудан тұрғыны Нұрбек Байқатов.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.
Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button