Пікір

Ең тиімді жол — вакцина

Вакцина салдыру туралы шешімді достарым, әріптестеріммен бірге қабылдадым. «Спутник V» вакцинасының алғашқы компонентін қабылдаған кезде дәрігерлер бір сағаттан соң қызу түсіретін, ал кешкі астан соң аспирин ішуге кеңес берді. Мен өз денсаулығыма сеніп, екеуін де ішпедім. Бірақ келесі күні дел-сал болып, қолым ауырды. Сөйтіп, ақ халаттылардың кеңесіне сүйеніп,  дәріні ішіп, қалыпқа түстім. Ал екінші компонентті 21 күннен соң қабылдадым. Ол кезде екпе салдырған орында ауырсыну болды. Бірақ өзімді жақсы сезіндім. Мамандар инфекциямен күрестің ең тиімді жолы вакцина екенін айтты. Маған хабарласып, кеңес сұраған адамдардың бәріне мұны айтып, ұғындырдым. Қазір әріптестерім, тума-туыс вакцина салдырып жатыр.  Отбасылық, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін әр адам өзінен бастауы тиіс. Тек дәрігер кеңесіне құлақ асып, нұсқаманы дұрыс орындауымыз керек.

Алтынай САҒЫНДЫҚОВА,

«Аqtobe» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің шеф-редакторы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button