Басты бет » Жаңалықтар » Ардагердің үйінің қасында әскери әндер орындалды

Ардагердің үйінің қасында әскери әндер орындалды

Ақтөбеде Жеңіс күні қарсаңында облыстық полиция департаменті қызметкерлері ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен бірлесіп, Екінші дүниежүзілік соғысы ардагері мен ішкі істер органдарының үйінің алдында өнер көрсетті.

Шернияз көшесінде тұратын соғыс және ішкі істер органдарының ардагері Михаил Диденко жасына, денсаулығына байланысты салтанатты іс-шараларға қатыса алмайды.

Ардагерді қуанту үшін Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институты оркестрі ардагердің үйінің алдына келіп, соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Содан кейін полицейлер Жеңіс күнімен жеке құттықтау үшін ардагердің үйіне көтерілді.

Ақтөбе облысы ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Максимовтың айтуынша, Жеңіс күніне арналған осындай іс-шаралар полиция департаментінің барлық бөлімшелерінде өтетін болады.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.