Жаңалықтар

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары!

Тұрғындардың коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алуына кеңінен мүмкіндік жасау мақсатында мереке күндері, 2021 жылдың 7-10 мамыр аралығында сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін Ақтөбе қаласында келесі мекенжайлар бойынша вакциналаудың қосымша пункттері жұмыс істейтін болады:

Орталық стадион алдындағы алаң; «Анвар» гипермаркеті (К.Нокин даңғылы, 34Б);

«Дина» гипермаркеті (Ә.Молдағұлова даңғылы, 53А);

«Астана» сауда үйі (Уәлиханов көшесі,

3); «Дина» супермаркеті (Қарғалы тұрғын алабы, 29Г);

Сүт зауыты ауданы (7 мамыр — №71 орта мектеп, Жиенбаев көшесі, 129;

8-9 мамыр — №5 орта мектеп, Гастелло көшесі, 51;

10 мамыр – «Анвар» супермаркеті, Әуеқалашық, 17 А).

Сонымен қатар «Keruen City», «Мега Шығыс» сауда орталықтарында және Орталық базарда орналасқан вакциналау пункттері ашылады. 2021 жылдың 7-10 мамырында сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін Ақтөбе қаласының барлық емханаларында вакциналау пункттері жұмыс істейтіндігін хабарлаймыз. Барлық екпе алушыларға «Спутник V» вакцинасы салынатын болады. Құрметті ақтөбеліктер! Вакцина алу — қауіпті ауруды жеңудің жалғыз жолы! Егер сізде медициналық қарсы көрсетілімдер болмаса, вакцинаны алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.

Жақындарыңызға жанашыр болыңыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button