Жаңалықтар

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 06.05.2021 ж. №19 қаулысына түсіндіру

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 06 мамырында  №ПГСВ-19 жаңа қаулысы шығарылды, осы қаулыға

сәйкес төмендегідей объектілерге тыйым салынады:

– бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы, орта және жоғарғы оқу орындарындағы асхана жұмысына;

– қасиетті «Рамазан» айы кезінде бір отбасының бірге тұратын мүшелері арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге;

– боулинг клубтарына («ASHYQ» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда);

Компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтары(16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда;

– бильярд жұмысына (Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда;

– Балалар ойын-сауық орталықтарына (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалар);

– еске алуды өткізуге;

– банкет залдарына (Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда);

– караокеге (Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда);

– түнгі және ойын клубтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілері жанындағы), букмекер кеңселері мен лото-клубтар, оның ішінде лотереялар ұтыс ойынына;

– адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге;

– көрмелерге (Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда).

Жексенбі күнінен басқа (локдаун), жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртібіне сәйкес жұмыс жасай алады:

  • Сауналар («ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес жұмыс істейді).

Шектеулі уақытпен  жұмыс істейтін объектілер:

  • Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері (сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін);
  • мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) (сағат 00-ден 24.00-ге дейін («ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес жұмыс істейді);
  • жазғы алаңдардың сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі(«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес жұмыс істейді).

Қаулыға сәйкес рұқсат етіледі:

  • діни объектілерінің жұмысына (мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу бетперде режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда рұқсат етіледі, ал жабық үй- жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізуге болмайды.
  • толтырылуы 20%-дан аспаған жағдайда театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар жұмысына («ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес жұмыс істейді);
  • мәдениет объектілеріне (дайындық) 30 адамға дейін қатысуымен дайындықтарға рұқсат етіледі («ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес жұмыс істейді);
  • балалардың түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтарына алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын топты толтырған кезде жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • мектепке дейінгі мекемелерге 25 адамнан аспайтын топтардың жиынтығын сақтаған кезде кезекші топтардың жұмысына рұқсат етіледі;
  • ашық ауадағы аттракциондарға адамдар ағынын реттеу және антисептикалық құралдарды пайдалану, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып рұқсат беріледі;
  • балаларды сауықтыру ұйымдары толтырылуы 50%-дан артық болмаған жағдайда;
  • Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу толтырылуы 15%-дан артық болмаған жағдайда»(ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес жұмыс істейді);
  • қалған объектілер – базарлар, сауда үйлері, желілер, дүкендер, моншалар және т.б. жұмысына шектеусіз рұқсат етіледі.

 

Білім объектілері бойынша:

  • контингенті 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуды;
  • жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта (пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан) оқытуға;
  • білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта топтарда 15 адамнан аспайтын оқушыларды жеке оқытуды;
  • арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға), жалпы типтегі мектеп-интернаттар және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар;
  • орта және жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуға рұқсат беріледі.

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button