Жаңалықтар

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

06.05.2021 ж.

Ақтөбе қаласы

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы»

 Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу, сондай-ақ Ақтөбе облысының «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа көшуіне байланысты (Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 2021 жылдың 30 сәуірінен бастап Ақтөбе облысы сары аймақта), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 2 және 3 тармақтарын, Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68, 30.04.2021 жылғы №18 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы «МК Ақтөбе бөлімшесі» филиалының директорына, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына қамтамасыз ету:

1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттар критерийлерін іске асыру және кәсіпкерлік объектілерінде «ASHYQ» мобильдік қосымшасының жобасын енгізу арқылы жүзеге асыруды.

Бұл ретте, шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай 5 күн ішінде күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызылға» көшу) жүргізіледі, карантиндік шараларды жеңілдету «сары» аймаққа «қызылдан» немесе «жасыл» аймаққа «сары» аймақтан ауысқаннан кейін 7 күннен кейін жүргізіледі;

2) бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы, орта және жоғарғы оқу орындарындағы асхана жұмысына тыйым салуды;

3) қасиетті «Рамазан» айы кезінде бір отбасының бірге тұратын мүшелері арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салуды;

4) Ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру) рұқсат беруді;

5) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;

6) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысына (оның ішінде тез дайындалатын тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофені, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің) рұқсат беруді;

7) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 21, 22 қосымшаларындағы талаптарды сақтай отыра авто-экспресс (алып кетуге арналған тамақ) жұмысына рұқсат беруді;

8) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68 қаулысының 3 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) күндізгі режимде өткізуге (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) рұқсат беруді;

9) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 27 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы арасында COVID-19 таралу қаупін азайту жөніндегі алгоритмді сақтауды;

10) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 12 қосымшасына сәйкес, әуежай, теміржол және автомобиль вокзалдарының жұмыс істеу алгоритмін сақтауды;

11) қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата бетперделерін міндетті түрде тағу, мыналарды қоспағанда:

– бес жасқа дейінгі балаларды;

– қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып тамақ ішкен жағдайда;

12) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайға, теміржол вокзалдары мен автовокзалдарға, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға, аялдама павильондарына, үйлердегі кіреберістер мен лифтілерге, ауладағы балалар алаңдарына және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізуді күшейтуді.

  1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының білім басқармасына, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 47 қосымшасы талаптарын (жалпы білім беретін мектептер жұмысына қойылатын талаптар), 2017 жылғы 16 тамызындағы №611 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасының 10 тарауының талаптарын (ЖОО және ООО-ы жұмысына қойылатын талаптар) қатаң сақтай отырып, жұмыс істеуін қамтамасыз етсін:

1) контингенті 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуды;

2) жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта (пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан) оқытуға;

3) білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта топтарда 15 адамнан аспайтын оқушыларды жеке оқытуды;

4) арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға), жалпы типтегі мектеп-интернаттар және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар;

5) орта және жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуға рұқсат беруді.

  1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының полиция департаментіне, Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшыларына:

мониторингтік топтарымен объектілер мен қоғамдық көліктерде күндізгі және түнгі уақытта шектеу карантиндік шараларының орындалуына бақылау күшейтілсін.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда 2014 жылғы 05 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын.

  1. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы қамтамасыз етсін:

           1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілеріне кіретін адамдардың  дене температурасын өлшеуді,ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілеріне күдікті барлық тұлғаларды «фильтр» арқылы қабылдауды,стационардың қабылдау бөлмінде пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлек қабылдауды жәнекүшейтілген  дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды;

2) ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38 бабының 15 тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі лауазымды адамдардың құқықтары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен мамандарды тарту қағидаларына сәйкес халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары, уланулары кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға Денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тартуды.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына коронавирус инфекциясының ошақтарында лифтілерді, баспалдақ алаңдарын және лифтіге дейін және лифтіден кіреберістен шығуға дейінгі марштарды қамти отырып дезинфекциялауды; лифтілер болмаған кезде – КВИ-мен ауыратын науқастың пәтерінен кіреберістен шығуға дейінгі баспалдақ алаңдары мен марштарды қорытынды дезинфекция жүргізу кезінде 1 рет дезинфекциялауды қамтамасыз ету.
  2. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасына:

1)БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы халықты жаппай хабардар етуді;

2) өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыру.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 сәуіріндегі №ПГСВ-17 (өзгерістер енгізілген 29.04.2021 жылғы №ПГСВ-18) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                           Н.Беркімбаева

 

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 06 мамырындағы

№19 қаулысының 1 қосымшасы

                                                                                                       

Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды беру өлшемдері

Объектілер/ салалар Сары аймақ
1.          Өнеркәсіптік объектілері, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын.

Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын кәсіпорын басшылары қызметкерлерін CОVID-19 анықтау үшін ПТР әдісімен зертханалық тексерілуге бақылауды қамтамасыз етсін және вахтадан(ға) шығуға/кіруге теріс нәтижесімен немесе COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжаты болған жағдайда рұқсат  етсін.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған шұғыл қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда) ПТР әдісімен CОVID-19 анықтауға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі болған кезде немесе COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжаты болған жағдайда вахталық кенттерге кіруді жүзеге асырсын

Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының  25, 28 қосымшаларындағы талаптарды сақтаумен шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
2. Құрылыс Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 28-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

3. Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 13-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

4. Байланыссыз қызметтер (техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, вулканизация, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу,тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, типографиялық қызметтер, кілттерді дайындау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және т. б.) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы  25 желтоқсандағы №67 қаулысының 6, 7, 10-қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

5. Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.)

 

бетперде тәртібін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
6. Гүл дүкендері, фотосалондар бетперде тәртібін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

7. Медициналық ұйымдар, дәріханалар күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
8. Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялық клиникалар күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша рұқсат етіледі.
9. Мұражайлар, кітапханалар Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 9-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

10. Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Жеткізу қызметтеріне рұқсат етіледі.
11. Балалардың түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 19-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын топты толтырған кезде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

12. Сұлулық салондары, шаштараздар және косметологиялық қызмет көрсететін объектілері Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 7-қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша рұқсат етіледі.
13. Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.)

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 11 және 17-қосымшаларының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

14. Ашық базарлар (азық-түлік, мал, азық-түлік емес) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

15. Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі, балалар ойын алаңдары мен аттракциондардың қызметтеріне тыйым салынумен.
16. Қоғамдық көлік Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 15-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, штаттық кестесінде жұмыс істеуге рұқсат етіледі, кептеліс уақытында қоғамдық көліктің желіге барынша көп шығуы, отыратын орындардың саны бойынша қоғамдық көліктің толтырылуы, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қол жетімді жерлерде тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, жолаушылардың, жүргізушілердің және кондукторлардың бетперделерін міндетті түрде киюі.
17. Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 1-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, уақыты бойынша сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін шектеумен жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

18. Мектепке дейінгі мекемелер Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 14-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, 25 адамнан аспайтын топтардың жиынтығын сақтаған кезде кезекші топтардың жұмысына рұқсат етіледі.
19. Ұйымдар, офистер Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 1-қосымшасының талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі, бұл ретте қызметкерлердің 50% – ы қашықтық режимде, 50% – ы күндізгі режимде қалады.

Ұйымдар, офистер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

20. Діни объектілері

 

Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу бетперде режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда рұқсат етіледі.

Жабық үй- жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей, Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 20-қосымшасының талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі.

21. Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасының талаптарын сақтай отырып толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы 67 қаулысының 22-қосымшасының талаптарын сақтаған кезде  тамақ жеткізу жөніндегі қызметтерге рұқсат етіледі.

22. Жазғы алаңдар Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасының талаптарын сақтай отырып сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

23. Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
24. Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 21 қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
25. Фудкорттар

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 5, 22-қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, тамақты шығаруға және жеткізуге ғана рұқсат етіледі.
26. Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сататын дүкендер

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
27. Моншалар

 

Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 16-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
28. Сауналар жұмыс және сенбі күндері, ішкі тәртіпке сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 16-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріледі, жексенбі күні жұмыс істеуіне тыйым салынады.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

29. СПА-орталықтар, бассейндер Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 16-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

30. Компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтары (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда) Тыйым салынады, Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда (бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және антисептикалық құралдарды пайдалану арқылы).
31. Қала маңындағы жолаушылар пойыздарының /электр пойыздарының қозғалысы жалпы вагондарсыз
32. Жолаушылар поездарының қозғалысы жалпы вагондарсыз

 

33. Қалааралық, облысаралық және облысішілік тұрақты автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына

 

рұқсат етіледі
34. Фитнес орталықтары, соның ішінде йога орталықтары,  спорттық- сауықтыру орталықтары, жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 8-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

35. Боулинг клубтары Тыйым салынады, Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда (бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және антисептикалық құралдарды пайдалану арқылы).
36. Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар толтырылуы 20%-дан аспаған жағдайда Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 9-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

37. СОО, сауда үйлері, сауда желілері Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, балалар ойын алаңдары мен аттракциондардың қызметтеріне тыйым салынумен.
38. Мәдениет объектілері (дайындық) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 5 желтоқсандағы №67 қаулысының 9 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, 30 адамға дейін қатысумен дайындықтарға рұқсат етіледі.

 

39. Бильярд Тыйым салынады, Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда (бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және антисептикалық құралдарды пайдалану арқылы).
40. Ашық ауадағы аттракциондар ағынды реттеу және антисептикалық құралдарды пайдалану, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып рұқсат беріледі.

 

41. Балаларды сауықтыру ұйымдары толтырылуы 50%-дан артық болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 18-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

 

42. Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу толтырылуы 15%-дан артық болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 44-қосымшасының талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«ASHYQ» жобасына қатысатын нысандар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

43. Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалар) Тыйым салынады

 

44. Еске алуды өткізу Тыйым салынады

 

45. Банкет залдары Тыйым салынады, Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда.
46. Караоке Тыйым салынады, Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда.
47. Түнгі және ойын клубтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілері жанындағы), букмекер кеңселері мен лото-клубтар, оның ішінде лотереялар ұтыс ойыны

 

Тыйым салынады

 

48. Адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізу

 

 

Тыйым салынады

 

49. Көрмелер Тыйым салынады, Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021ж. №18 қаулысына сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button