Басты жаңалықтар

Тұрғындардан түскен шағымдар мен ұсыныстар жауапсыз қалмауға тиіс

Мемлекеттік органдардағы орындаушылық тәртіпті сақтау мәселелері облыс басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында қаралды. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары,  сондай-ақ бейнебайланыс арқылы аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдері қатысты.

Жиында облыс әкімі аппаратының басшысы Қайрат Райымқұлов 2019-2020 жылдардағы және 2021 жылдың 4 айындағы орындаушылық тәртіп жағдайына жүргізілген талдау нәтижелерін жариялады.

Оның айтуынша, бүгінге дейін облыс басшылығы 4795 тапсырма жолдаған, оның 4708-і орындалып, 87-сі орындалмаған.

Биылғы жылы мемлекеттік органдар барлығы 5 млн 800 мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңбұзушылықтарға жол берген мемлекеттік органдарға талдау жүргізілді.

— Барлық тапсырмалар уақтылы және сапалы орындалуы керек. Талдау жүргізіңіз: егер объективті себептер болса, оларды жою қажет, ал егер мемлекеттік органдардың салғырттығынан мерзімдері кешіктірілсе, мұндай басшыларды жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарастырыңыз, — деген Оңдасын Оразалин облыс әкімі аппаратының басшысына тапсырма берді.

Сондай-ақ жиынға қатысушылардың назарына әлеуметтік желілердегі басқарма басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдерінің қызметіне талдау ұсынылды.

Облыс басшысы Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдерін, мемлекеттік мекемелерді әлеуметтік желілерде ақтөбеліктердің шағымдары мен өтініштерін дұрыс қабылдауға және оларға жедел жауап беруге шақырды.

— Әрине, әрдайым объективті шағымдар бола бермейді, бірақ сіздің жұмысыңыздағы кемшіліктер расталса, мойындаңыз және оны жою үшін барлық шараларды қабылдаңыз. Бұл — сіздің міндетіңіз! — деп баса айтты Оңдасын Оразалин.

Жиын соңында облыс әкімі мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібіне бақылауды күшейтуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button