Жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Тағайындау

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс басшысының өкімімен Жақсығали Иманқұлов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Жақсығали Иманқұлов Орынбор ауылшаруашылық институтын, Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жолдары университетін бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы «Мағаджан» кеңшарында мал дәрігері, аға зоотехник болып бастап, әр жылдары «Мағаджан» кеңшарының директоры, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақтөбе аумақтық басқармасы шекарадағы және көліктегі малдәрігерлік және фитосанитарлық бақылау бөлімінің бастығы, Ақтөбе облысының жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы болып жұмыс жасады.

Сондай-ақ облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын, Тобыл-Торғай экология департаментін, Ақтөбе облысы бойынша экология департаментін басқарды.

Бұл қызметке тағайындалғанға дейін облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын басқарды.

***

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс басшысының өкімімен Бұлбұл Елеусінова облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Бұлбұл Елеусінова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы №12 орта мектепте мұғалім болып бастаған.

Әр жылдары Қобда ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Қобда ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы ішкі саясат бөлімінің талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып қызмет етті.

Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button