Ауыл

Газ тарту жұмыстары басталды

Ақкемер ауылдық округіне қарасты Елек ауылына газ тарту жұмыстары басталды. Қазіргі таңда «Асу-К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арық қазып, ауылға қарай газ құбырын тартуға кірісіп кетті.

Елек ауылында 106 түтін бар. Тұрғын саны 600-ден асады. Құбыр тартылып жатқанын көрген ауыл тұрғындары енді отын тасып, күл шығаратын бейнеттен құтыламыз деп отыр.

Республикалық тасжолдың бойында орналасқан елді мекеннің əлеуметтік-экономикалық дамуы жылдан-жылға жақсарып келеді. 2019 жылы қыркүйек айында Елек негізгі мектебі пайдалануға берілсе, былтыр желтоқсан айында су жүйесі іске қосылды. Биыл газ тарту жұмыстары қолға алынды.

Ілкімді жобалардың жүзеге асуы — мемлекеттік қолдаудың нәтижесі.

Ақкемер ауылдық округінің әкімі Дамир Қожаниязовтың айтуынша, жылдың аяғына дейін газ тарту жұмыстары аяқталып, ауылдағы мектеп, медициналық пункт, балабақша, жеке тұрғын үйлер газбен қамтылатын болады.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button