Мәдениет

Күй күмбірлеген кеш

Шалқар ауданындағы Бозой ауылдық округіне қарасты «Арай» мәдениет үйі және Бозой ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ұлы күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай «Күй анасы — Дина» атты онлайн концерт өткізілді.

Күй кешінің басты мақсаты — оқушыларға ұлы күйшінің күйлерін сүю, қадірлеу және домбыраны қастерлеу арқылы күй мұрасын сіңіруге тәрбиелей отырып, Дина Нұрпейісованың артына қалдырған мол мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.

Концертте ұлы күйшінің «Науай», «8 март», «Әсем қоңыр»,  «16 жыл» және «Тойбастар» атты туындыларын Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі оқушыларынан құралған «Балдәурен» домбырашылар ансамблі күмбірлете орындады.

Дина Нұрпейісованың шығармалары халқымыздың күй өнерінің даму шыңы болып табылады. Еліміздің батыс аймағында қалыптасқан батырлық, қаһармандық сынды тақырыптарды дамыта келе, күйші апамыз оны асқан шеберлікпен жырлай білді.

 Салтанат ОРАЗАЛИЕВА,

Бозой ауылдық кітапханасының

бас кітапханашысы,

Шалқар ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button