Ауыл

Теріс әсер байқалған жоқ

Бүгінгі күні Ырғыз ауданында коронавирусқа қарсы вакцинациялау  жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Осы аптада жылжымалы медициналық бригада Құтикөл елді мекеніне барып, 50 тұрғынға екпенің бірінші компонентін салды. Олардың арасында ауылдық әкімдіктің қызметкерлері, мұғалімдер, ерікті жастар мен ауыл тұрғындары бар.

Вакцинациялау кезінде тұрғындарға екпенің теріс әсері байқалмаған. Құтикөлдіктер алдағы уақытта екпенің екінші компонентін алатын болады.

Айта кету керек, қазір ауданда жылжымалы медициналық бригада жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ осы айда ауданға 400 доза екпе әкелінген болатын.

Д.ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button