Денсаулық

Тегін тексерілуге болады

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыста 12 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған. Оның тоғызы — ер адам. Ауруға шалдыққандардың жетеуі инфекцияны гетерасексуалдық, ал үш ер адам гомосексуалды жолмен жұқтырған. Ал екі адам парентеральді, яғни ине арқылы жұқтырып алған.

ЖИТС, яғни жұқпалы иммун тапшылығы синдромы орталығының дәрігерлері жастар арасында АИТВ, яғни адам иммун тапшылығы вирусының алдын алу жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда қаладағы емханалардың барлығында «Жастар денсаулығы» орталығы жұмыс жасайды. Жастар сол орталыққа барып, ВИЧ инфекциясына тегін тексеріле алады. Экспресс-тест әдісі арқылы нәтиже жиырма минуттың ішінде дайын болады.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button